Садид әд-Дин Мұхаммед әл-Ауфи

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

Садид әд-Дин Мұхаммед әл-Ауфи (шамамен 1172/76 ж.туған, Бұқара қаласы — өлген жылы белгісіз) — әдебиетші әрі тарихшы. Еңбектерін парсы және араб тілдерінде жазған. 1201 ж. Самарқандқа келіп, Хорезм шахының қарамағында ресми жолдауларды құрастыру жөніндегі жауапты хатшы қызметін атқарды. 1221 ж. моңғол шапқыншылығы кезінде Үндістанға қашқан. Ол “Лубаб әл-албаб” (“Жүректер өзекшісі”) атты поэзиялық антология жазған. 1223 ж. араб тілінде жазылған адамгершілік жөніндегі әңгімелер жинағы “Фарадж ба’ д аш-шидданы” (“Азаптан кейінгі тыныштық”) парсы тіліне аударуды аяқтады. 1228 ж. Дели сұлтандығының билеушісі Шамс әд-Дин Ильтутмиштің қоластына қызметке кірді. 1233 ж. өзінің негізгі еңбегі “Джавами’ әл-хикайат ва лавами’ ар-ривайатты” (“Жарқын тарих және әңгімелер жинағы”) парсы тілінде жазып бітірді. Еңбекте ежелгі дүние, ортағасырлық Шығыс, Византия халықтарының өмірінен алынған тәрбиелік мәні бар әңгімелер мен күлдіргі әңгімелер баяндалған. Жинақ екі мыңнан астам әңгіме, нақыл сөздерден тұрады.

<ref>Қазақ энциклопедиясы, 7 - том</ref> <ref>Собрание восточных Академий наук Узбекской ССР, т. 10, Таш., 1975;</ref> <ref>Джавами’ ал-хикайат. Сокровищница восточной мудрости, А., 2005.</ref>

Дереккөздер:

<references/>

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:||}}}} {{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:|[[Санат:Еш медиа файлы жоқ мақалалар/{{{1}}}]]|}}}}


{{#ifeq:|Үлгі

| Бұл үлгі мақалаларды автоматты түрде Үлгі:C қосады. {{#ifeq:Садид әд-Дин Мұхаммед әл-Ауфи|Документация||}}{{#if::Санат:Үлгілер:Аяқталмаған мақалалар|}} |{{#if:||{{#if::Санат:Үлгілер:Аяқталмаған мақалалар|}}}} }}