Сабыркүл Жайлаубекқызы Асанова
Қазақ Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет
Үлгі:Ғалым Сабыркүл Жайлаубекқызы Асанова (1945 жылы 28 ақпанда Жамбыл облысы Меркі ауданы Меркі ауылында дүниеге келген) — Инженер-технолог. Қазақстан Ұлттық Инженерлік Академиясының академигі. Техника ғылымдарының докторы, профессор. Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері (2006). "Сымбат" сән академиясының президенті. Өнертану ғылымдарының профессоры.
Толығырақ
- Сабыркүл Жайлаубекқызы 1945 жылы 28 ақпанда Жамбыл облысы Меркі ауданы Меркі ауылында дүниеге келген.
- 1969 жылы Мәскеу тоқыма институтының механика-технология факультетін бітірген.
- Мәскеу «Трикотажница» фабрикасында инженер (1969–1972), Алматы қаласындағы «Алмагүл» фабрикасының бас инженер (1972–1984), «Қазақстан» фирмасының директоры (1984–1986), Қалалық туристік басқармасының бастығы (1986–1990), 1990 жылдан «Сымбат» сән академиясының президенті, ал 1998 жылдан «Сымбат» сән бизнес академиясының ректоры. 2003 жылы «Разработка комплексного проектирования и технологии производств национальной одежды» деген тақырыпта докторлық диссертация қорғады.
- Асанова 145-тен астам ғылыми еңбектің авторы.<ref>Қазақ энциклопедиясы</ref>
Ғылыми жетістіктері
- 2004 - Техника ғылымдарының докторы
- 2009 - профессор
- 2007 жылдан Халықаралық инженерлік академиясының академигі
- 2008 жылдан Қазақстан Ұлттық Инженерлік Академиясының академигі
- Өнертану ғылымдарының профессоры.
Марапаттары
- КСРОның "Халықтар достығы" Ордені
- 2005 - "Қазақстан Республикасы конститутциясына 10 жыл" медалі
- 2006 - Президент жарлығымен "Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері" құрметті атағы берілді
- 2008 - "Астанаға 10 жыл" медалі
- 2011 - "ҚР Тәуелсіздігіне 20 жыл" медалі
- Еңбек ардагері медалінің иегері.
- ҚР Президентінің жеке алғыс хатымен марапатталған.