Сабина Абайқызы Алтынбекова

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

Үлгі:Спортшы Сабина Абайқызы Алтынбекова (Ақтөбе, Қазақстан, 1996 жылдың 5 қарашасында туған) — қазақстандық волейболшы, Қазақстан Республикасы волейболдан әйелдер құрамасының мүшесі.

Өмірбаян

Ақтөбеде дүниеге келген. Бес жастан бастап бимен айналысқан, ал 14 жастан бастап волейболмен айналысады. "Казхром" клубының атынан капитан ретінде өнер көрсеткен. 16 жастан бастап, "Алматиночка" (Алматы қ.) клубында ойнайды. 2014 жылы университетке түсті.

Кәсіби мансабы

Сабина 17 жасында Қазақстанның волейболдан әйелдер құрамасының мүшесі атанды.

Танымалдылық

Тайбэйде өткен қыздар арасында волейболдан 17-ші Азия чемпионатында ең сұлу волейболшы атанды. Бойы - 182 см, салмағы 59 кг, аяқтарының ұзындығы 124 см. Тайван, Жапония және басқа да көптеген азиялық телеарналар Сабина туралы репортаждар түсірді, ал интернетте көптеген роликтер пайда болды. Азиялық жанкүйерлер Сабинаның келбеті жапондық аниме кейіпкерлеріне ұқсайды деп тапты. Интернетте Сабина Алтынбекованың көптеген әуесқой, оның ішінде «моэ» стилінде суреттері пайда болды.

Сілтемелер

Дереккөздер

Үлгі:Дереккөздер