Руслан Римзиевич Курбанов
Руслан Римзиевич Курбанов (17 қыркүйек 1991, Өскемен) — қазақстандық шпагашы, семсерлесуден Қазақстан Республикасының халықаралық дәрежедегі спорт шебері. Әлем чемпионатының екі дүркін қола жүлдегері, Азия ойындарының үш дүркін жүлдегері, 4 дүркін Азия чемпионы (2013, 2015, 2017, 2024). 2026 жылы Германияда өткен Әлем куобгының жеңімпазы<ref>Үлгі:Cite web</ref>.
2020 және 2024 жылғы Жазғы Олимпиада ойындарына қатысты.
Спортық мансабы
2013 жылы Қазан қаласында өткен Жазғы Универсиадада жекелей сында күміс, ал командалық есепте қола медаль иеленді<ref name="SPK">Үлгі:Cite web</ref>. Сол жылы Азия чемпионы Эльмир Алимжановты жеңіп, Қазақстан чемпионы атанды.
2023 жылы Миланда өткен әлем чемпионатында жекелей сында қола жүлдеге қол жеткізді. Бұл — Қазақстан тарихындағы фехтованиеден әлем чемпионатының алғашқы жекелей жүлдесі.
2020 жылғы Токио Олимпиадасында 12-орын, ал 2024 жылғы Париж олимпиадасында 6-орын алды<ref>Үлгі:Cite web</ref><ref>Үлгі:Cite web</ref>.
2025 жылы Тбилисиде өткен әлем чемпионатында Қазақстан құрамасы сапында командалық шпагадан қола жүлдегер атанды. Үшінші орын үшін таласта Қазақстан құрамасы Францияны 45-31 есебімен айқын басымдықпен жеңді.
2026 жылдың ақпан айында Германияның Хайденхайм қаласында өтіп жатқан Әлем кубогы кезеңінде жеңіске жетті. Қазақстандық спортшы 1/32 финалда командаласы Эльмир Әлімжановты 15:14 есебімен ұтты. Одан кейін ол Венгрия өкілі Давид Нагиді 15:13, сондай-ақ, жапониялық Акира Коматаны 15:11 есебімен жеңді<ref>Үлгі:Cite web</ref>.
Ширек финалда Руслан Курбанов тағы бір қазақстандық семсерлесуші Никита Жулинскийден 12:11 есебімен басым түсті. Ал финалға жолдама алу үшін өткен кездесуде ол Нидерланд спортшысы Тристан Тюленді сенімді түрде жеңіп, матчты 15:9 есебімен аяқтады<ref>Үлгі:Cite web</ref>.
Финалда Руслан Курбанов италиялық Давиде Ди Веролиді 15:14 есебімен жеңіп, турнирдің жеңімпазы атанды.
Жеке өмірі
1991 жылы 17 қыркүйекте Өскеменде туған. Фехтованиемен 12 жасынан бастап айналысады. Дарынды балаларға арналған спорт мектеп-интернатында оқып, кейін дене шынықтыру және спорт мамандығы бойынша жоғары білім алған.
Бұрынғы жары — Тамара Почекутова, семсерлесуші (сабля). 2013 жылы туған ұлы бар<ref>Үлгі:Cite web</ref>.
Дереккөздер
Сыртқы сілтемелер
en:Ruslan Kurbanov (fencer) de:Ruslan Kurbanov it:Ruslan Kurbanov fr:Ruslan Kurbanov