Роман Юрьевич Василенко
Үлгі:Тексерілмеген мақала Үлгі:Мемлекеттік қайраткер Роман Юрьевич Василенко (14 тамыз 1972 жыл, Шымкент) — қазақстандық дипломат, 2025 жылдан бастап Бельгиядағы Төтенше және Өкілетті Елші, Еуропа Одағының жанындағы және НАТОдағы Өкілдігінің Басшы. 2016—2019 және 2022—2025 жылдары Сыртқы істер министрінің орынбасары.
Өмірбаяны
1972 жылы 14 тамызда Шымкентте дүниеге келді.
1994 жылы Ресей Қарулы Күштерінің экономика, қаржы және құқық Әскери академиясын тәмамдағаннан кейін Қазақстан Президенті Әкімшілігінде Халықаралық бөлімнің аға маманы, референті;
1996—1999 жылдары Қазақстанның Ұлыбританиядағы Елшілігінің үшінші, екінші хатшысы;
1999—2000 жылдары Қазақстан Премьер-Министрі Кеңсесі басшысының көмекшісі;
2000—2007 жылдары Қазақстанның Америка Құрама Штаттарындағы Елшілігінің бірінші хатшысы, кеңесшісі;
2007—2008 жылдары Қазақстан Мемлекеттік хатшысы хатшылығының бас инспекторы;
2008 жылғы наурыз—қазан айларында Қазақстан Президенті Әкімшілігінің консультанты;
2008—2009 жылдары Қазақстан Мемлекеттік хатшысы хатшылығының инспекторы, хатшылық меңгерушісінің орынбасары.
2009 жылғы 7 қыркүйекте Қазақстан Сыртқы істер министрлігі Халықаралық ақпарат комитетінің төрағасы болып тағайындалды.<ref>Үлгі:Cite web</ref>
2012 жылғы 19 сәуірде «Назарбаев орталығы» директорының орынбасары болып тағайындалды.<ref>Үлгі:Cite web</ref>
2013 жылғы 24 сәуірде Қазақстан Сыртқы істер министрлігінің Ерекше тапсырмалар жөніндегі Елшісі болып тағайындалды.<ref>Үлгі:Cite web</ref>
2014 жылғы 21 сәуірде Қазақстан Сыртқы істер министрлігі Халықаралық ақпарат комитетінің төрағасы болып тағайындалды.<ref>Үлгі:Cite web</ref>
2016 жылғы 4 наурызда Қазақстан Президентінің өкімімен Сыртқы істер министрінің орынбасары болып тағайындалды.<ref>Үлгі:Cite web</ref>
2019 жылғы 21 желтоқсанда Қазақстан Президентінің жарлығымен лауазымынан босатылып, Қазақстанның Словакиядағы Төтенше және Өкілетті Елшісі болып тағайындалды.<ref>Үлгі:Cite web</ref><ref>Үлгі:Cite web</ref>
2022 жылғы 27 қаңтарда Қазақстан Президентінің жарлығымен лауазымынан босатылып, Сыртқы істер министрінің орынбасары болып тағайындалды.<ref>Үлгі:Cite web</ref><ref>Үлгі:Cite web</ref>
2025 жылғы 5 шілдеде Қазақстан Президентінің жарлығымен лауазымынан босатылып, Қазақстанның Бельгиядағы Төтенше және Өкілетті Елшісі, Еуропа Одағының жанындағы және НАТОдағы Өкілдігінің Басшысы болып тағайындалды.<ref>Үлгі:Cite web</ref>
Жеке өмірі
Үйленген, жұбайы Людмила Алексеевна Василенко (тумысында Муравлева). Балалары: қызы Диана (1998 туған) және ұлдары Георг (1997 туған) пен Глеб (2011 туған).<ref>Үлгі:Cite web</ref>
Марапаттары және атақтары
2016 жылы Құрмет орденімен марапатталды.<ref>Үлгі:Cite web</ref>
2008 жылы Ерен еңбегі үшін медалімен марапатталды.<ref>Үлгі:Cite web</ref>