Қазақстанның Ұлыбританиядағы Елшілігі

Қазақ Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет
Мұнда ауысу: шарлау, іздеу

Үлгі:Дипломатиялық миссия Қазақстан Республикасының Ұлыбритания және Солтүстік Ирландия Құрама Корольдігіндегі Елшілігі — Қазақстанның Ұлыбританиядағы дипломатиялық миссиясы, ол Лондонда Пэлл Мэлл-да орналасқан. Бұған дейін елшілік ғимараты Оңтүстік Кенсингтонда болған.

Тарихы

Үлгі:Тағы қараңыз

Сурет:Kazakh Embassy London 8776.jpg
Бұрынғы елшілік ғимараты

Қазақстан Республикасы мен Ұлыбритания және Солтүстік Ирландия Құрама Корольдігі арасындағы дипломатиялық қатынастар 1992 жылғы 19 қаңтарда орнатылған. Қазақстанның Ұлыбританиядағы Елшілігі 1996 жылғы ақпанда ашылған. 2022 жылғы 6 қазанда Мағжан Жанботаұлы Ілиясов Қазақстан Республикасының Ұлыбритания және Солтүстік Ирландия Құрама Корольдігіндегі Төтенше және Өкілетті Елшісі болып тағайындалды.

Елшілік Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрлігінің жүйесіне енеді және ҚР Ұлыбританиядағы мүдделеріне өкілдік етеді.

Міндеттері

Елшіліктің негізгі міндеттері:

  • Қазақстан Республикасының Ұлыбританиядағы ұлттық мүдделерін қамтамасыз ету және оның сыртқы саяси курсын іске асыру;
  • Қазақстан Республикасының азаматтары мен заңды тұлғаларының Құрама Корольдіктегі құқықтары мен мүдделерін қорғау;
  • Қазақстан Республикасының Ұлыбританиямен ынтымақтастығын дамытуды қамтамасыз ету, Қазақстанның мемлекеттік органдарының, қоғамдық ұйымдарының және іскер топтар өкілдерінің Ұлыбританиямен байланыстарын орнату және қатынастарын дамыту;
  • Қазақстан Республикасының Құрама Корольдікпен халықаралық келісімшарттары жобаларын, келісімшарттарды жасасу, орындау және тоқтату жөніндегі ұсыныстарды әзірлеуге қатысу, Қазақстанның болу елімен жасасқан келісімшарттарының орындалуына бақылау жасау;
  • консулдық қызмет;
  • өзге де міндеттер.

ҚР Ұлыбританиядағы Елшілігі сондай-ақ Қазақстанның Ирландия Республикасындағы және Исландиядағы өкілдігі болып табылады.<ref>Үлгі:Cite web</ref>

Тағы қараңыз

Дереккөздер

Үлгі:ДереккөздерҮлгі:Қазақстанның дипломатиялық миссиялары