Ресей империясының азамат соғысы

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

Үлгі:Infobox Military Conflict

Ресей Империясының Азамат Соғысы (1917-1923) - кейінгі Ресей Империясының жерінде болған соғыс.

1917 ж. 25 қазаннан Ресей империясының астанасы – Санкт-Петербургда революцияшыл жұмысшылар солдаттар мен матростар отрядтары Қысқы сарайды тіке шабуылмен алып, Уақытша үкіметті құлатты. Сол күні жұмысшылар мен шаруалар республикасы дүниеге келді. Бірінші КСРОдың республикасы РКФСР деп аталған.

Алайда Қазаның революциясы төңкерісіне ұшыраған патша генералдары мен чиновниктері Ресейдің бұрынғы тәртіпі қайта орнатпақ болды. Олар өздерінің ақ әскерлерін жасақтап, жұмысшылар мен шаруалардан кұрылған Қызыл Армияға қарсы шықты. Азамат соғысының өрті тұтанды.

Сібір және Орал майданы

Ұлыбритания, Франция, АҚШ, Жапония және басқа елдердің үкіметтері Ресейге өз әскерлерін жіберіп, ақ генералдарға көмек көрсетті. Шетел соғыс интервенция бысталды.

Совет республикасы жаудың темір кұрсауында қалды. Жапондар мен американдар Қиыр Шығысқа әскер бөлемдерін түсірді. Ресейдің солтүстігіне, Орта Азия мен Закавказьеге ағылшын әскерлері басып кірді, неміс басқыншылары Украина, Беларусь мен Прибалтиканы басып алды. Одесса мен Севастопольде француз кемелері тұрды. Орал өзені бойында, Еділдің орта шені мен Кама жағалауында ақтар армиялары топтасты. Олар Мәскеуге қауіп төндірді. Көп елдер Ресей Империясынан шығып өз тәуелсіз жариялды. Олар: Еуропада – Финляндия, Латвия, Литва, Эстония, Польша, Украина, Беларусь, Кубань Халық Республикасы және РКФСР; Орта Азияда – Алаш аутономиясы, Хиуа және Бұқара; кавказда – Армения, Грузия, Әзірбайжан және т.б.

Сібір мен Оралды басып алған бұрынғы патша адмирал Колчак, ол Сібірде Приморск Республикасы деп жариялды. Оған шет мемлекеттер қол ұшын берген еді. Колчак Еділге дейін тұмсық тіреп келіп қалған-ды. Осы кезде Большевиктердың партиясы «Колчакқа қарсы күреске шығындар!» деген ұран тастады. Қызыл әскерлер Шығыс майданға аттанды, оларды қолбасшы Фрунзе бастады. Колчакқа қарсы соғыста Чапаев дивизиясы даңққа бөленді.

Совет өкіметінің жауларына қарсы Қостанай облысының Маринск аулында көтеріліс болды. Тарбағатайда «Қызыл тау қырындары» тобы құрылып, Қазақстанның шығысын жаулан азат ету жолында ерілікпен шайқасты. Қазақстан жеріндегі ұлт-азаттық көтерілісінің қолбасшыларың бірі Амангелді Иманов осынау ел басына қауіп төнген жылдары қызыл партизандар отрядын ұйымдастырып Совет өкіметін қорғау және нығайту барысында ерлік күрес жүргізді.

1919 жылғы қазанда Қызыл Армия бөлімдері Колчактың елордасы Омбі қаласы – алды. 1920 жылдың басында Колчак армиясы талқандалды.

Қиыр Шығыста жапон интервенттері партизан отрядтарымен күрес жүргізді. 1922 ж. Қызыл Армия бөлімдері партизан отрядымен бірлесе отырып Владивостокты алды.

Тәуелсіз жарияланған мемлекеттер

Батыста

Балтикада

Ресейде

Шығыста

Кавказда

Орталық Азияда

Батыс майданы

Сібірде шайқастар әлі жүріп жатса да, Ресейдің оңтүстігінде, Солтүстік Кавказда және Украинада – бұрынғы патша генералы Деникин армиясы бас көтерді. Ағылшын және француз үкіметтері оны танк бригадысымен және винтовкалармен жабдықтады. 1919 ж. қарашада Деникин Орел қаласы басып алды. Оның Мәскеуға жетуіне 300 км жол қалған еді.

Азамат соғысы басталысымен С. М. Буденный атты әскер отрядын құрды. 1919 ж. қарашада Бірінші атты әчкер армиясы ұйымдыстырылды. Оны даңкты басшы Буденный, Ворошилов, Шайденко басқарды.

1919 ж. 20 қазанда Қызыл Армия әскерлері Орел қаласы алды, ал үш күннен кейні Буденныйдың атты әскерлері генерал Шкуроның таңдаулы атты әскер бөлемдерін Воронежден куып шықты. Қызыл Армия Деникин талқандады. Петроград тубінде Юденичтің армиясы талқандалды.

Ақтардың әскерлері тек Қиыр Шығыста, Орта Азия мен Қырымда ғана қалғанды. Бірақ 1920 жылдың көктемінде Польшаның сарбазтар өз тауелсіз жариялып Батыс Украинаға басып кірді. Осы кезде Қырымда генерал Врангель армиясы құрылып, күш жинап келе жатты. Қызыл Армияның бірнеше құрамалары Врангельге қарсы күреске аттанды.

Қырым түбегі жіңішке Перекоп мойнағы арқылы құрлықпен жалғасады. Ақ гвардияшылар бұл араны мықтап бекініске айналдырды. Қылтадан өте алмайтын биік қорған салынып, алдынан терең ор қазылды.

8 қарашада Қызыл Армия бөлімдері Перекопқа тіке шабуылға шықты. Бір тәулектен кейін Перекоп алынды. Қырымды жаудан босату кезеңі басталды.

Шайқастары және операциялары

Қолбасшылар

Қызыл Армия:

Ақ гвардия:

Тағы қараңыз

Дереккөздер

<references/>