Рахманқұл Алтынбекұлы Қамшыбаев

Қазақ Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет
Мұнда ауысу: шарлау, іздеу

ҚАМШЫБАЕВ Рахманқұл Алтынбекұлы (1937 ж. т., Тараз қ.) – ғалым, экономика ғыл. докт. (1990), проф. (1994), Қазақстан Жоғары мектеп академиясы академигі.

Ысты руынан шыққан.<ref>Үлгі:Кітап</ref>

Мәскеу экон.-статистикалық ин-тын бітірген (1961). 1961 – 89 ж. Қазақстан ҒА экономика ин-тында кіші, аға ғыл. қызметкер, Қазақстан экономика және жоспарлау ин-тында бөлім бастығы, директор, 1991 – 92 ж. Алматы саясаттану және басқару ин-тында проректор, 1992 – 94 ж. Қазақстан Президенті жанындағы Қазақстан менеджмент, экономика және жоспарлау ин-ты директорының орынбасары болып қызмет атқарған. 1994 жылдан Қазақ мемл. басқару академиясы «Халықаралық экономикалық қатынастар» оқу-ғылыми кешенінің директоры. Медальдармен және құрмет грамоталарымен марапатталған. 190-нан аса ғыл. еңбегі, соның ішінде 5 монографиясы жарық көрген.<ref>Қазақ Энциклопедиясы</ref>

Дереккөздер

<references/>

“Қазақ Энциклопедиясы”, 9-том

Үлгі:Wikify


Үлгі:Stub