Рахман

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

Рахман<ref>Қазақша энциклопедия 7 том</ref> — Алланың бір есімі. Ерекше мейірімді, рахымды деген мағына береді. Мұхаммед пайғамбар хадисіндеАлла жерді жүз рақымымен жаратқан, жүз рақымының біреуі жер бетінде, сол рақымының шарапатымен аң төліне, ана баласына рақым қылады” дейді. Сондай-ақ тәпсіршілер Фатиха сүресінде ар-рахманир рахими деген сипаты жеке аят болып келуінің астарында Алланың ерекше мейірімділігі, рақымдылығы баяндалған деп түсіндіреді. Ислам дінінде Құранның түсуі, Мұхаммед пайғамбардың (ғ.с.) келуі, шариаттың кемелденуі — Алланың рахымы деп есептеледі. Сондай-ақ Алланың жер бетінде жасап тұрған мейірім шапағатына, рақым әсеріне назар салу, жануарларға, қоршаған ортаға мейірімді болу әрбір мұсылманның парызы.

Дереккөздер

<references/>

Толықтыру

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:||}}}} {{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:|[[Санат:Еш медиа файлы жоқ мақалалар/{{{1}}}]]|}}}}


{{#ifeq:|Үлгі

| Бұл үлгі мақалаларды автоматты түрде Үлгі:C қосады. {{#ifeq:Рахман|Документация||}}{{#if::Санат:Үлгілер:Аяқталмаған мақалалар|}} |{{#if:||{{#if::Санат:Үлгілер:Аяқталмаған мақалалар|}}}} }}