Рафаэль Ниязбеков

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

Рафаэль Ниязбеков - 1943 жылы 24 наурызда Жамбыл облысы, Талас ауданының қазіргі Тамабек ауылында дүниеге келген. 1961 жылы орта мектепті бітірген соң, Талас аудандық «Ленин жолы» газетіне қызметке тұрған.

Еңбек жолы

1978 жылы Қазақ Ұлттық университетінің филология факультетін тамамдаған. 1967 жылы Қазақ радиосы әдебиет редакциясында қызметке орналасқан. 1971 — 1977 жж. «Жұлдыз» журналында, 1977—1991 жж. «Жазушы» баспасында редактор болып істеген. 1972 жылы сыншылардың Бүкілодақтық кеңесіне қатысқан. Қазақстан Жазушылар одағының I. Жансүгіров атындағы сыйлығының иегері. Чечен Республикасы Жоғарғы Мемлекеттік «Ұлт намысы» орденінің иегері. Чеченстан Мемлекеттік сыйлығының лауреаты. Б. Момышұлының 90 жылдығына арналған республикалық ақындар мүшәйрасының бас жүлдегері. Тараз қаласының 2000 жылдығына арналған республикалық ақындар мүкі әйрасының бірінші жүлдегері. Шығармалары: Келер күндер. Өлеңдер. А., «Жазушы», 1969; Қаратау менАлатау. Өлеңдер. А., «Жазушы», 1971; Темірқазық. Өлеңдер. А., «Жазушы», 1973; Жалын кешкен. Өлеңдер. А., «Жазушы», 1975; Жер жанары. Өлеңдер. А, «Жазушы», 1977; Отағасы. Повестер. А., «Жалын», 1978; Өркен. Өлеңдер. А., «Жазушы», 1980; Қаңтар. Повестер. А., «Жалын», 1981; Биіктей бер, тауларым! Өлеңдер. А., «Жазушы», 1983; Қызыл үй. Роман. А., «Жазушы», 1985; Тас құдай. Роман. А., «Жазушы», 1993; Тамұқ отына жанбаған. Өлеңдер мен поэмалар. А., «Мерей», 1997; Шешендер. Өлеңдер. А., «Жібек жолы», 1991; Ичкәрия. Өлеңдер. Орыс тілінде А., «Жібекжолы», 1996; Тыңда мәні, замана. Өлеңдер. А., «Сөздік-словарь», 2001; Қыдыр ғұмыр. А., «Жалын», 2002; Махамбет майданы. «Арыс», 2003; Жүрегімде ғасырлардың салмағы. А., «Қазақстан», 2003.<ref>Қазақ әдебиеті. Энциклопедиялық анықтамалық. — Алматы: «Аруна Ltd.» ЖШС, 2010 жыл.ISBN 9965-26-096-6</ref><ref>Қазақстан жазушылары: Анықтамалық/Құрастырушы: Қамшыгер Саят, Жұмашева Қайырниса - Алматы: «Аң арыс» баспасы, 2009 жыл</ref>

Дереккөздер

<references/>

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:||}}}}