Раушангүл Сәйітқызы Илахунова

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

Раушангүл Сәйітқызы Илахунова (15.11.1922, Алматы облысы, Жаркент ауданы – 25.5.2000, Алматы) – актриса, әнші. Қазақстанның халық артисі (1966; 1955 жылдан Қазақстанның еңбек сіңірген артисі).

Жастайынан ән-биге бейім болып өскен ол 1936 жылы Ұйғыр колхоз-совхоз театрына (Жаркент қаласы) қабылданып, осында 1941 жылға дейін қызмет етті. 1941 жылдан өмірінің соңына дейін Республикалық ұйғыр музыка драма театрының (қазіргі Республикалық ұйғыр музыка комедия театрының) актрисасы болды. Алғаш Д.Асимов пен А.Садыровтың “Анархан” спектаклінде басты рөлді орындады. Одан кейін ойнаған рөлдері қатарында Сәнәм (И.Саттаров пен В.И. Дьяковтың “Ғарип пен Сәнәмінде”), Зуїра (С.Абдулланың “Таїир мен Зуїрасында”), Гүлшәйім (А.Ашировтың “Мұқамшыларында”), Баян, Қамқа (Ғ.Мүсіреповтың “Қозы Көрпеш – Баян сұлуы” мен “Қыз Жібегінде”), Жәмила (Х.Хамзаның “Бай мен кедейінде”), Парман бибі (С.Ахмадтың “Келіндер көтерілісінде”), Сәния (С.Хуршидтің “Ләйлі мен Мәжнүнінде”), Ана (Ш.Хұсайыновтың “Анамның ақ көйлегінде”; 1977 жылы КСРО халықтары театр өнері мен драматургиясы фестивалінің 2-дәрежелі дипломымен марапатталды), Анна Ильинична (И.Ф. Поповтың “Жанұясында”), Эвриклей (А.Вальехоның “Ашулы Одиссейінде”), Мирандолина (К.Гольдонидің “Қонақ үйдің қожасында”), т.б. бар. Илахунова – сахналық ойынының дәлдігімен, нәзік пластикасымен, шығарм. диапазоны кеңдігімен ерекшеленді. Концерттерге де жиі қатысатын Илахунова репертуарынан ұйғыр, қазақ, орыс, өзбек, қырғыз, т.б. халық композиторларының музыкалық шығармалары мен әндері мол орын алды. Әнші ретінде ол тек біздің елде ғана емес, сонымен қатар шет елдерде: Қытайда, Ресейде, Пәкстанда, Түркияда, Молдовада, Татарстанда, Өзбекстанда, Қырғызстанда да жақсы танылды. Еңбек Қызыл ту, “Құрмет Белгісі” ордендерімен, медальдермен марапатталған.<ref>«Қазақстан»: Ұлттық энцклопедия / Бас редактор Ә. Нысанбаев – Алматы «Қазақ энциклопедиясы» Бас редакциясы, 1998 ISBN 5-89800-123-9, IV том</ref>

Сілтемелер

<references/>

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:|[[Санат:Еш медиа файлы жоқ мақалалар/{{{1}}}]]|}}}}

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:||}}}}


{{#ifeq:|Үлгі

| Бұл үлгі мақалаларды автоматты түрде Үлгі:C қосады. {{#ifeq:Раушангүл Сәйітқызы Илахунова|Документация||}}{{#if::Санат:Үлгілер:Аяқталмаған мақалалар|}} |{{#if:||{{#if::Санат:Үлгілер:Аяқталмаған мақалалар|}}}} }}