Пірман Дабыл Жүзбайұлы

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

Пірман Дабыл Жүзбайұлы - 1942 жылы 2 ақпанда Қызылорда облысы, Қазалы бекетінде (қазіргі Әйтеке би кенті) дүниеге келген. <ref>Қазақстан баспагерлері мен полиграфистері. Анықтамалық. Алматы, «Білім» баспасы. 2005 ж. – 576 бет. ISBN 9965-09-134-Х </ref>

Қазақ орта мектебін бітіргеннен кейін 1959 жылы Ташкент политехникалық техникумына оқуға түсіп, 1962 жылы үздік басудың техник-технологы мамандығын алып шықты.

  • 1962-1965 жылдары Кеңес Әскері құрамында болды.
  • 1965 жылы Мәскеу полиграфия институтының күндізгі бөліміне оқуға түсті.
  • 1971 жылы инженер-механик мамандығы бойынша тәмамдап шықты. Институт бітіргеннен кейін 1971-1993 жылдар арасында ҚазКСР Мембаспаком жүйесінде (ҚР Баспа министрлігі) еңбек етті.
  • 1971-1977 жылдары «Кітап» Республикалық өндірістік бірлестігінде шебер, цех бастығы, бас механиктің орынбасары болды.
  • 1977 жылы ҚазКСС Мембаспакомының Орталық ақпаратына бас маман болып ауыстырылды.
  • 1985 жылы ҚазКСР Мембаспакомының «Казснабпечать» республикалық базасының директоры етіп тағайындалды.
  • 1993 жылдан қазіргі уақытқа дейін ҚР Парламентінің Шаруашылық басқару аппаратында істейді.

"Астана» медалімен, ҚазКСР Мембаспакомының және ҚР Парламенті Мәжілісінің грамоталарымен марапатталған.

Дереккөздер

<references/>

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:|[[Санат:Еш медиа файлы жоқ мақалалар/{{{1}}}]]|}}}}