Повеллит

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

Повеллит — (американ геологы Дж. Поуэлдің есімімен аталған) — молибдаттар класына жататын минерал, кальций молибдаты — Са[МоО4]. Химиялық құрамы: СаО — 28,48%, МоО3 — 71,52%, кейбір Повеллитте 10,3%-ға дейін WO3 қоспасы болады. Кристалдары тетрагондық сингонияда қалыптасады да, пластинка, дипирамида, жұлдызша тәрізді, минералдық агрегаттары жасырын кристалды, ұсақ түрлі масса түрінде түзіледі. Түсі ақ, қанық жасыл, қоңыр, сарғыш-жасыл, көк-жасыл, қызғылт-жасыл. Алмастай жылтыр, қабыршақ агрегаты құбылмалы, топырақта күңгірт, жіктілігі жетілмеген немесе болмайды. Қаттылығы Моос шкаласы бойынша 3,5; тығыздығы 4,25 — 4,52 г/см3. Ультракүлгін сәуле түскенде сары түсті жарқыл шығарады. Табиғатта молибден кентастарының тотығу аймағында түзіледі. Повеллит молибден алуда қолданылады.

Дереккөздер</span>

«Қазақстан»: Ұлттық энцклопедия / Бас редактор Ә. Нысанбаев – Алматы «Қазақ энциклопедиясы» Бас редакциясы, 1998 жыл. ISBN 5-89800-123-9, VII том

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:||}}}}

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:|[[Санат:Еш медиа файлы жоқ мақалалар/{{{1}}}]]|}}}}


{{#ifeq:|Үлгі

| Бұл үлгі мақалаларды автоматты түрде Үлгі:C қосады. {{#ifeq:Повеллит|Документация||}}{{#if::Санат:Үлгілер:Аяқталмаған мақалалар|}} |{{#if:||{{#if::Санат:Үлгілер:Аяқталмаған мақалалар|}}}} }}