Пайзрахман Ибрагимов

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

Пайзрахман Ибрагимов (1.5.1936 жылы туған, Алматы облысы Жаркент қаласы) – суретші, Қазақстанның еңбек сіңірген өнер қайраткері (1982).

Алматы көркемсурет училищесін (1960), Ташкент театр-көркемсурет институтын (1967) бітірген. 1970 жылдан Алматыдағы Ұйғыр музыкалық комедия театрының бас суретшісі болып қызмет атқарады.

Ибрагимовтің жақсы көркемдеген спектакльдерінің қатарына Д.Әсімов және А.Садыровтың “Анархан”, В.Дьяков және И.Саттаровтың “Герип пен Санам”, С.Башоян және К.Хасановтың “Назугум”, С.Мұқановтың “Қашқар қызы”, А.Ашировтың “Туғандар өлмейді”, Мольердің “Дворяндағы тоғышар”, Вольехоның “Одисейдің ызасы” және т.б. жатқызуға болады. Ибрагимов Қазақ драма театры мен Республикалық орыс драма театрында қойылған спектакльдерді де көркемдеуге қатысты. Олар: М.Байсеркеновтың “Абылайдың ақырғы күндері”, С.Жүнісовтің “Өліара”, Х.Вахиттың “Келіндер көтерілісі” және Республикалық орыс драма театрында Ғ.Мүсіреповтың “Махаббат туралы аңызы”, т.б.

Марапаттары

“Құрмет белгісі” орденімен марапатталған.

Сілтемелер

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:||}}}}


{{#ifeq:|Үлгі

| Бұл үлгі мақалаларды автоматты түрде Үлгі:C қосады. {{#ifeq:Пайзрахман Ибрагимов|Документация||}}{{#if::Санат:Үлгілер:Аяқталмаған мақалалар|}} |{{#if:||{{#if::Санат:Үлгілер:Аяқталмаған мақалалар|}}}} }}