Оңтүстік Қазақстан (газет)

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

«Оңтүстік Қазақстан»Оңтүстік Қазақстан облысының газеті.

Түркістан Республикасы Орталық партия комитетініңің органы ретінде «Ақ жол» атауымен 1924 ж. 26 қарашада жарық көрді. Алғашқы кезде газет облысқа және Сырдария, Жетісу губернияларына, Қарақалпақстанға тарады. 1925 ж. республика астанасы Қызылорда қаласына көшірілгенде газет сол қалада шыға бастаған «Еңбекші қазақ» газетімен біріктірілді. Ал 1929 ж. республика астанасы Алматы болған соң, Сырдария аймақтық партия комитеті мен атқару комитетінің органы ретінде «Ленин жолы» атауымен шыға бастады. 1932 жылдың көктемінде республиканың аумақтық құрылымдары қайта қаралып, облыстар құрылған кезеңде газет қазіргі атауына ие болды.

Газеттің негізін қалаған Т.Рысқұлов, Сұлтанбек Қожанов, О.Жандосов, О.Исаевтар қатысты. М.Әуезов, Ғ.Мүсірепов, Асқар Тоқмағамбетов, Бауыржан Момышұлының туындылары жарияланып тұрды.

Газет 1967 ж. Қазақ КСР Жоғарғы Кеңесінің Құрмет грамотасымен марапатталды. 1980 – 90 ж. Бүкілодақтық Халық Шаруашылығы жетістіктері көрмесінің күміс және қола медальдарын алды. Таралымы 23 мың дана, аптасына үш рет шығады.<ref>"Оңтүстік Қазақстан Энциклопедиясы"</ref>

Тағы қараңыз

Дереккөздер

Үлгі:Дереккөздер