Жетісу губерниясы

Қазақ Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет
Мұнда ауысу: шарлау, іздеу

Үлгі:Әкімшілік бірлік Жетісу губерниясы — 1924-1928 жылдары болған Қырғыз (1925 ж. бастап — Қазақ) Автономиялық Социалистік Кеңестік Республикасының әкімшілік-аумақтық бірлігі. Орталығы – Алматы қаласы.

Губерния 1924 жылы Жетісу облысының солтүстік уездерінен құрылған. 4 уезге бөлінді:

1925 жылы 3 маусымда уездік құқығымен Шу ауданы құрылды.

1928 жылы 17 қаңтарда губерния таратылды. Оның аумағы Алматы және Семей округтері арасында бөлінді.

1926 жылғы халық санағы бойынша губернияда 886,7 мың адам тұрған. Соның ішінде қазақтар – 63,5%; орыстар – 16,2%; украиндар – 10,0%; ұйғырлар – 7,0%; татарлар – 1,1% болды.