Оспанқора (қыстау)

Қазақ Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет
Мұнда ауысу: шарлау, іздеу

Оспанқора — Тентексор қонысының оңтүстік шығысындағы қыстау.

Географиялық орны

Атырау облысы, Жылыой ауданы, Шоқпартоғай ауылының солтүстік-батысында 12 км жерде орналасқан.

Сипаттамасы

Қыстау теңіз деңгейінен 10 м төмен жатыр. Солтүстігінде Бартылдақты, оңтүстік-шығысында Қоскөл көлдері, шығысында Құдықсай қыстауы бар. Сортаңды қоңыр, құмды топырақ жамылғысында жусан, бұйырғын, сораң, эфемерлі шөптер өседі.<ref>Қазақстан табиғаты 4-том. «Қазақстан энциклопедиясы» Алматы, 2012 ISBN 9965-893-84-5</ref>

Дереккөздер

Үлгі:Дереккөздер