Эфемерлер

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

Эфемерлер (грек. ephemeros – тез өсетін) – шөл және шөлейтті жерлерде, сирек далалық аймақта өсетін бір жылдық өсімдіктер. Эфемерлерге тұқымынан бастап, жеміс беруге дейінгі барлық даму циклі 2 – 6 аптадан 5 – 6 айға дейін жететін өсімдіктер жатады. Мыс., құм ботагөзі, дала шегіргүлі, шөл жауылшасы, жалпақ жеміс, т.б. Бұл өсімдіктердің вегетац. кезеңі негізінен ерте көктемде (ақпан – мамырда) қуаңшылық түскенге дейін болады. Ал күздік Эфемерлерсолт. аймақтарда жертаған түрінде қар астында қыстап, көктемде вегетациясын қайта бастайды. Эфемерлерді мезофиттерге (топырақ пен ауа ылғалдылығы біршама жеткілікті, бірақ шамадан артық емес ортаға бейімделген өсімдіктер) жатқызады, бірақ Эфемерлердің олардан айырмашылығы тұқымдары ыстыққа төзімді келеді. Өсіп-өнуі, тіршілік ету ұзақтығы және өлшемдері ауа райы жағдайына байланысты қатты өзгеріп отырады; сондықтан да Эфемерлераса биік болмайды (1 – 3 см). Эфемерлерді негізінен орамжапырақ және астық тұқымдасына жататын өсімдіктер құрайды. Шөл аймақтарда Эфемерлер эфемероидтермен бірге көктемде барлық мал түлігіне жайылым ретінде пайдаланылады. <ref>Орысша-қазақша түсіндірме сөздік: Биология / Жалпы редакциясын басқарған э.ғ.д., профессор Е. Арын - Павлодар: «ЭКО» ҒӨФ. 2007. - 1028 б. ISBN 9965-08-286-3</ref> Н. Мұхитдинов<ref>«Қазақстан»: Ұлттық энцклопедия / Бас редактор Ә. Нысанбаев – Алматы «Қазақ энциклопедиясы» Бас редакциясы, 1998 ISBN 5-89800-123-9, X том</ref>

Дереккөздер

<references/>

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:||}}}}

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:|[[Санат:Еш медиа файлы жоқ мақалалар/{{{1}}}]]|}}}}


{{#ifeq:|Үлгі

| Бұл үлгі мақалаларды автоматты түрде Үлгі:C қосады. {{#ifeq:Эфемерлер|Документация||}}{{#if::Санат:Үлгілер:Аяқталмаған мақалалар|}} |{{#if:||{{#if::Санат:Үлгілер:Аяқталмаған мақалалар|}}}} }}