Орынбай Дайырбеков

Қазақ Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет
Мұнда ауысу: шарлау, іздеу

Үлгі:Ғалым Орынбай Дайырбеков (1942 жылы 10 қаңтарда Түркістан облысы Төле би ауданы Көксаяқ ауылы) — ғалым. Медицина ғылымының докторы (1993), профессор (1996). Қазақстан Республикасының Еңбек сіңірген дәрігері (1990). Денсаулық сақтау ісінің үздігі.

Толығырақ

Дулат тайпасының Жаныс руынан.<ref>Үлгі:Кітап</ref>

  • Орынбай Дайырбеков 1942 жылы 10 қаңтарда Түркістан облысы Төле би ауданы Көксаяқ ауылында дүниеге келген.
  • 1968 жылы Алматы мемлекеттік медицина инистиутын бітірген.
  • Еңбек жолын 1968 жылы Ұлы отан соғысы мүгедектерінің республикалық госпиталінде дәрігер - рениматлог қызыметінен бастаған.
  • 1971 - 1988 жылдары Қазақ емдік-тәжірибелік хирургия институтының кардиохирургия бөлімінде хирург-дәрігер, аспиранты, Алматы қаласындағы қалалық №4 ауруханасында бас дәрігердің орынбасары, бас дәрігері, Алматы облысы ауруханасының бас дәрігері, облысы денсаулық сақтау бөлімінің меңгерушісі, клиник. және эксперименттік хирургия ғыл.-зерт. институты директорының орынбасары, Алматы қаласы әкімі аппаратының денсаулық сақтау басқармасының бастығы болды.
  • 1999 - 2012 жылдары Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік медицина академиясының ректоры.
  • қазіргі таңда А.Н. Сызғанов атындағы клиникалық және эксперименталдық хирургия ғылми-зерттеу институты директоры лауазымында.
  • Негізгі ғылыми еңбектері туа біткен жүрек ақауын анықтап, емдеу тәсілдерін қолдануға арналған. Ал ғылыми жұмыстары денсаулық сақтау ісін ұйымдастыруға, мед. көмек сапасын көтеруге бағытталған.<ref>Қазақ Энциклопедиясы</ref>

Марапаттары

Дереккөздер

Үлгі:Дереккөздер