Орлов мыс кен орны
Орлов мыс кен орны - Шығыс Қазақстан облысында, Кенді Алтайдың солтүстік-батыс бөлігінде орналасқан. 1959 жылы ашылған. Жезкент кен байыту комбинатының кенді базасы.
Геологиялық құрылымы
Кенді алаң ортаңғы және жоғарғы девон кезеңінің шөгінді жыныстары мен орта карбон жыныстарынан тұрады; құрылымы қаңқалы-блокты.
Жатыс сипаты
Кен орнын Негізгі және Жаңа деп аталатын екі шоғыр құрайды. Негізгінің құрамына бірінші, екінші, үшінші кен денелері енеді. Жаңа кен шоғыры батысқа қарай орналасқан. Кен денелерінің пішіндері қабатты-линзалы болып, 100 м-ден 1100-ге дейінгі тереңдікте жатыр. Кен көлемінің 50%-ын тұтас массивті кендер құрайды.
Құрамы, минералдары
Кеннің басты құраушылары: Cu, Zn, Pb, S, Ba, қосымша Au, Ag, Cd, Hg, As, Sb, Se, Te, Tl. Басты минералдары: пирит, халькопирит, сфалерит, галенит, т.б. Минералдар 210 – 5800C шамасында кристалданады. <ref name="source1">Қазақ энциклопедиясы VII- том</ref>