Оралбай Әбдікәрімов

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

Үлгі:Infobox Biography Әбдікәрімов, Оралбай (18 желтоқсан, 1944 жыл, Нұра ауданы)— Қазақстан Республикасы Парламенті Сенаты депутаты (сенатор).

Қысқаша өмірбаяны

  • Білімі жоғары, Қарағанды мемлекеттік университетін, Алматы Жоғары партия мектебін бітірген.
  • Еңбек жолын шопандықтан бастаған, әскери теңіз флотында борышын атқарған.
  • 1969 жылдан бері қоғамдық-саяси жұмыста.
  • 1981 ж. бастап республика басқару органдары салаларында мемлекеттік қызметте.
  • Қазақстан Республикасы Президенті Аппараты мен Министрлер Кабинетінің ұйымдық-инспекторлық және аумақтық даму бөлімдерінің меңгерушісі болып тағайындалған
  • Елбасы Әкімшілігінің Басшысы
  • республикалық Жоғары тәртіптік кеңесінің төрағасы
  • Қазақстан Республикасы сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес жөніндегі Мемлекеттік комиссияның төрағасы
  • Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының Төрағасы қызметтерін атқарған.
  • 1999 ж. қарашаның 30-ында Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығымен Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының депутаты болып тағайындалған,
  • 1999 ж. желтоқсанның 1-інде Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының Төрағасы болым сайланған.
  • 2004 ж. наурыз айында Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығымен Қазақстан Республикасының Мемлекеттік хатшысы болып тағайындалды.
  • 2007 ж. мамырдың 15 Қазақстан Республикасы Президентінің кеңесшісі.
  • 2007 ж. тамыздың 28 ҚР Президенті жарлығымен ҚР Парламенті Сенаты депутаты боп тағайындалған (Президент үлесі бойынша).
  • Қазақстан Республикасы Жоғарғы Кеңесі 12 шақырылымының депутаты болған.<ref>“Қазақстан”: Ұлттық энциклопедия/Бас редактор Ә. Нысанбаев – Алматы “Қазақ энциклопедиясы” Бас редакциясы, 1998 ISBN 5-89800-123-9</ref>

Қоғамдық қызметі

  • «Нұр Отан» ХДП жанындағы республикалық қоғамдық жемқорлықпен күрес кеңесінің терағасы (2008 жылдан).
  • ҚазКСР халық депутаты (1990-1993), Қазақстан Компартиясы атынан. Депутаттық этика және депутаттық өкілеттілік мәселелері женіндегі комитет төрағасының орынбасары (1990-1992).
  • Әскери атағы - отставкадағы полковник.
  • Хоббиі - тарихи әдебиеттер мен мемуарлар оқу.

Марапаттары

  • Қазақстан Республикасының парламентіне 10 жыл медалі
  • II дәрежелі «Барыс» ордені (2001)
  • ТМД ПАА-ның «Содружество» ордені (2002)
  • ТМД ПАА-ның «Древо дружбы» алтын медалі (2003)
  • 8 медаль
  • Қарағанды облысы Нұра ауданының құрметті азаматы
  • Кореяның Кьен университетінің құрметті профессоры
  • Мәскеу мемлекеттік Лингвистика университетінің құрметті профессоры.

Отбасылық жағдайы

  • Жұбайы - Жамал Ахметқызы, көз дәрігері . 3 ұлы, қызы және немерелері бар.<ref>Қазақстан Республикасында кімнің кім екені - 2011 жыл. Екі томдық анықтамалық. Алматы, 2011 ІSВN 978-601-278-473-2</ref>

Дереккөздер

<references/>

Үлгі:Бастама