Ораз Баймұратов

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

Баймұратов Ораз(14.9.1935 жылы туған, Солтүстік Қазақстан облысы, қазіргі Мағжан Жұмабаев ауданы Дүйсеке ауылы) – экономика ғылымдарының докторы (1973), профессор (1975), Қазақстан ғылым академиясының академигі (2003), Қазақстанның еңбек сіңірген ғылым қайраткері (1991), Халықаралық және ҚР Инженерия академияларының академигі (1992). Мәскеу алтын және түсті металдар институтын бітірген (1957). Экономикалық институтының ғылым қызметкері, аспиранты, бөлім меңгерушісі (1957–1980), өндіргіш күштерді зерттеу кеңесі төрағасының орынбасары (1980–1983), төрағасы (1983–1994) қызметтерін атқарды. Қайта құру кезеңінде Кеңес Одағы Жоғарғы Кеңесінің депутаты болып сайланып, ондағы Республикалар кеңесі төрағасының орынбасары (1991–1992) болды, кейін Қазақстан Республикасы Жоғарғы Кеңесінде қаржы, бюджет және банктер жөніндегі тұрақты комитетін (1994–1995) басқарды. 1996 жылдан Қазақстанның Қаржы-банк менеджменті ғылыми-зерттеу институтының директоры. 1971 жылы «Экономическая эффективность капитальных вложений в промышленное производство» деген тақырыпта докторлық диссертациясын қорғады. Баймұратовтың зерттеулерінің негізгі бағыты – ғылыми-техникалық прогрестің экономикалық тиімділігі, экономиканың басым бағыттарын анықтау теориясы, аймақтарда өндіргіш күштерді дамыту, Қазақстанның әлеуметтік-экономикалық даму мүмкіндіктері, нарықтық қарым-қатынасқа көшу мәселелері. Баймұратов Қазақстанның әлеуметтік-экономикалық даму бағыттарын ғылыми болжау, Алматы қаласы, Балқаш, Арал, Каспий өңірлерін кешенді дамыту бағдарламаларын әзірлеуге ат салысты. Баймұратов 230-дан астам ғылыми еңбектің авторы. Ш.Ш. Уәлиханов атындағы сыйлық лауреаты (1980).<ref>«Қазақстан»: Ұлттық энцклопедия / Бас редактор Ә. Нысанбаев – Алматы «Қазақ энциклопедиясы» Бас редакциясы, 1998 ISBN 5-89800-123-9, II том;</ref>

Шығармалары

  • Методы оценки и анализа перспективы капитальных вложений, А.-А., 1972;
  • Экономические приоритеты, А.-А., 1985; Наука и производительные силы, А.-А., 1991;
  • Государственное регулирование экономики, А., 1998

Дереккөздер

<references/>

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:||}}}} {{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:|[[Санат:Еш медиа файлы жоқ мақалалар/{{{1}}}]]|}}}}


{{#ifeq:|Үлгі

| Бұл үлгі мақалаларды автоматты түрде Үлгі:C қосады. {{#ifeq:Ораз Баймұратов|Документация||}}{{#if::Санат:Үлгілер:Аяқталмаған мақалалар|}} |{{#if:||{{#if::Санат:Үлгілер:Аяқталмаған мақалалар|}}}} }}