Оразғали Әбділманов

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

Әбділманов Оразғали (1936 жылы туған, ҚХР, Құлжа қаласы) - актер, Қазақстанның еңбек сіңірген артисі. Жамбыл облысының мәдени-ағарту училищесін бітірғен (1959). 1978 ж. дейін Жамбыл облыстық драма театрында, 1978 - 1982 жылдары Атырау облыстық драма театрында, 1982 жылдан Алматы облыстық драма театрында қызмет атқарған. Ол Ш.Құсайыновтың "Біздің Ғаниында" Ғани, М.Әуезовтің "Еңлік-Кебегінде" Кебек, Кеңгірбай, "Абайында" Оразбай, Айдар, Ғ.Мүсіреповтін "Қозы Көрпеш- Баян сұлуында" Қозы, "Акан сері - Ақтоқтысында" Сердәлі, "Болашақка аманатында" С.Датұлы, "Ұлпанында" Есеней, С.Мұқановтың "Балуан Шолағында" Балуан Шолақ, І.Жансүгіровтің "Исатай - Махамбетінде" Исатай, Т.Қалихановтың "Ақын Сарасында" Тұрысбек қажы, т.б. бейнелерін онады.<ref>Қазақ мәдениеті. Энциклопедиялық анықтамалық. Алматы: “Аруна Ltd.” ЖШС, 2005 ISBN 9965-26-095-8</ref>

Дереккөздер

<references/> Үлгі:Stub: Қазақ мәдениеті {{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:||}}}}

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:|[[Санат:Еш медиа файлы жоқ мақалалар/{{{1}}}]]|}}}}