Озон қабаты

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

Ауада әрқашан озон бар, жердің бетінде оның концентрациясы жалпы алғанда 10-6%. Озон атмосфераның жоғарғы қабатында атомды оттектен күн сәулесінің әсерінен химиялық реакция нәтижесінде пайда болады. Озон қабаты стратосферада орналасқан. Полюстардан 7-8 км, экватордан 17-18 км-ден 50 км-ге дейін жетеді. Озон қабаты жерден 22-24 км орналаскан. Озон қабаты өте жұқа. Егер де бұл газды жер бетінде орналастырсақ, ол 2-4 мм құраған пленка түрінде орналасатын еді (экватор маңында – минимум, полюстарды — максимум) Бірақ-та, бұл қабық бізді қорғап отыр, ол ультракүлгінді түгелімен жұтып отырады. Онсыз тіршілік тек ультракүлгін өте алмайтын жерде ғана сақталатын еді (су түбі 10 м). Озон жер бөлетін инфрақызыл сәулелердің 20 пайызын жұтып алады. Озон – активті газ, адамға зиян тигізуі мүмкін. Оның төмеңгі атмосфера қабатындағы концентрациясы шамалы болғандықтан, ол адамға зиян тигізбейді. Үлкен қалаларда машиналардың әсерінен озон көп мөлшерде пайда болады. Озон ғаламшардың сәулелерінің қаттылығын да қадағалайды. Егер де кішкене озон азайып қалса, жерде өсімдік және организмдер әлемінде үлкен өзгерістер болады. Озон қабаты, жоғарыда аталғандай, әлемде тіршілікті Күннің ульракүлгін сәулелерінен қорғайды. Көптеген жылдар бойы озон қабаты кішкене ғана өзгерістерге ұшырап келе жатырғандығы дәлелденген. Арктикада үлкен озон тесігі табылған. Озон жойылуына ультракүлгіннің, ғарыштық сәулелердің, кебір газдар: азот, хлор, бром қосылыстарының, фторхлоркөмірсутектерінің (фреондар) әсері мол. Аса жоғары қауіпті адамның іс-әрекеті тудырады. Сондықтан да көптеген елдер озон жоятын заттардың өндірісін қысқартатын халықаралық келісімге қол қойды. Озон қабатының әлсіреуінің себептері көп болуы мүмкін. Біріншіден, ғарышқа ракеталардың ұшырылуы. Жанатын отын озон қабатында үлкен тесіктер жасай отырып, жағып жібереді. Бұл тесіктер қысқарады деп болжанған еді. Бірақ, олай болған жоқ, олар көп өмір сүреді.

Дереккөздер

Үлгі:Дереккөздер