Озон

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

Озон, Озо́н (Үлгі:Lang-grc — иіс шығарамын) – химиялық формуласы О3 болып келетін оттегінің аллотропиялық түр өзгерісі. Түсі қою көк, өткір иісті газ,ал сұйық озон күлгін көк; балқу t – 192,7°С, қайнау t – 112°С. Суда ерігіштігі 0,394 г/л (0°С-та). Озонды 1785 жылы голландия физигі М. ван Марум ашқан. Озон тұрақсыз, өздігінен жылу бөліп, оттекке айналады. Күшті тотықтырғыш, алтын мен платинадан басқа барлық металдарды тотықтырып, кейбір органикалық және бейорганикалық қосылыстарға әсер етіп, озонидтер түзеді. Озонды иод-крахмал қағазының түсінің өзгеруі бойынша анықтайды:

O3+ +2KІ+H2O=І2(көк)+O2+2KOH.

“Кәдімгі оттек О2 КІ-мен реакцияға түспейді. Табиғатта озон найзағай жарқылдаған кезде және кейбір органикалық заттар тотыққанда түзіледі (Озоносфера қабаты). Таза озон – күшті тотықтырғыш, микроорганизмдерді өлтіреді, сол себепті суды, ауаны дезинфекциялауда, күшті тотықтырғыш болғандықтан қағаз ағартуда, т.б. қолданылады.

Сурет:Ozone-1,3-dipole.png
Озон молекуласы

Физикалық қасиеттері

  • Молекулалық массасы — 47,998 м. а. б.
  • 183 °C-ғы сұйықтықтың тығыздығы — 1,71 г/см³
  • Қайнау температурасы — −111,9 °C.
  • Балқу температурасы— −197,2 ± 0,2 °С .
  • Озонның газ күйі — диамагнитті, ал сұйық күйі — әлсіз парамагнитті.

Ішкі сілтемелер


{{#ifeq:|Үлгі

| Бұл үлгі мақалаларды автоматты түрде Үлгі:C қосады. {{#ifeq:Озон|Документация||}}{{#if::Санат:Үлгілер:Аяқталмаған мақалалар|}} |{{#if:||{{#if::Санат:Үлгілер:Аяқталмаған мақалалар|}}}} }} {{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:||}}}}