Нұрсен
Қазақ Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет
Нұрсен, Нөрсе – Үстірттің солтүстігінде орналасқан төбе. Абсолюттік биіктігі 123 м, салыстырмалы биіктігі 23 м. Төбе Бейнеу ауданындағы Қаратүлей сорының оңтүстік-шығысын ала орналасқан. Оңтүстігінде Латынқазған қонысы жатыр. Жусан, бұйырғын, баялыш өскен Нұрсен өңірі жыл бойғы мал жайлымына пайдаланылады.<ref>Маңғыстау энциклопедиясы, Алматы, 1997; </ref>
Дереккөздер
<references/>