Нұрлыбек Хайруллаұлы Жұбатқан
Қазақ Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет
Үлгі:Кинематограф Нұрлыбек Хайруллаұлы Жұбатқан (1968 жылы 17 қарашада Ақтөбе облысы Шалқар ауданында туған) — актер. Қазақстанның Мәдениет қайраткері (2011). Т. Ахтанов атындағы Ақтөбе облыстық драма театрының және "Екі Езу" әзіл - сқақ театрының директоры.<ref>Үлгі:Cite web</ref>.
Толығырақ
- Нұрлыбек Хайруллаұлы 1968 жылы 17 қарашада Ақтөбе облысы Шалқар ауданы Жылтыр елді мекенінде дүниеге келген.
- 1986 жылы Орта мектепті бітірген.
- 1990 - 1995 жылдары Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік университеті (бұрынғы Әль - Фараби атындағы Шымкент педагогикалық мәдениет институты)ның «Мәдени, ағарту жұмыстарын ұйымдастыру» факультетінің театр бөлімін бітірген.<ref>Үлгі:Cite web</ref>
- 1995 - 1997 жылдары Ақтөбе облыстық филармониясында және Ақтөбе мәдени ағарту училищесінің театр бөлімінде еңбек етті.
- 1997 - 1999 жылдары облыстық «Ақтөбе» газетіне меншікті тілші.
- 1998 жылы құрылған ақтөбелік «Екі езу» эстрадалық-миниатюра театрының негізін қалаушысы болды.
- 2008 жылы өзінің «Ауылдағы Айтқыштар» атты жинағын жарыққа шығарған. Ол жинаққа интермедиялар мен монологтар, әзілдер мен өлеңдер жиынтығы енгізілген.
- 2004 жылдан Қазақстан журналистер одағының мүшесі.
- 2010 жылдан Қазақстан Театр Қайраткерлері одағының мүшесі.
- 2013 жылдан Т. Ахтанов атындағы Ақтөбе облыстық драма театрының директоры.
Марапаттары
- 2002 жылы Ақтөбе облысының жыл адамы атағы.
- 2004 жылы ҚР Мәдениет министрлігінің «Құрмет Грамотасы» мен марапатталған.
- 2011 жылы Қазақстан Республикасының Мәдениет Қайраткері құрметті атағы берілді.
- 2012 жылы Ақтөбе облысының әкімінің арнайы сыйлығының иегері.<ref>Үлгі:Cite web</ref>
- 2016 жылы "Қазақстан тәуелсіздігіне 25 жыл" мерекелік медалімен марапатталған.