Ақтөбе облыстық филармониясы

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

Ақтөбе облыстық филармониясы — мәдени-концерттік мекеме. 1944 жылы 16 қыркүйекте ұйымдастырылған. 1997 жылы белгілі композитор Ғ.А. Жұбанованың аты берілді. Филармонияда тұрақты өнер көрсететін “Арайлы Ақтөбе”, “Көңіл ашар”, “Қарлығаштар” секілді концерттік бригадалары, 1987 жылдан музыкалық лектория тобы жұмыс істейді. Филармония құрамында: эстрадалық-үрмелі музука оркестрі, қазақ камералық хоры, “Домбыра-Дастан” фольклорлық ансамблі, шығыс билері ансамблі құрылған. Ақтөбе облыстық филармониясыда әр жылдарда Қазақстанның еңбек сіңірген артистері Р.Ақжарова, Ғ.Қойшыбаева, Т.Оспанов, Ж.Сейілов т.б. қызмет істеді.<ref>Қазақ ұлттық энциклопедиясы</ref><ref>Қазақ мәдениеті. Энциклопедиялық анықтамалық. Алматы: “Аруна Ltd.” ЖШС, 2005 ISBN 9965-26-095-8</ref>

Дереккөздер

<references/> Үлгі:Stub: Қазақ мәдениеті {{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:||}}}}

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:|[[Санат:Еш медиа файлы жоқ мақалалар/{{{1}}}]]|}}}}