Нұрлан Қасқырбайұлы Хамзин

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

Нұрлан Қасқырбайұлы Хамзин 1960 жылы 20 қазанда Қарағанды облысы Ұлытау ауданы «Қара Кеңгір» кеңшарында туған. Қазақ. Әкесі - Хамзин Қасқырбай (1939-2002), зоотехник болып жұмыс істеген. Анасы - Хамзина Бақыт Әбдікәрімқызы (1943 жылы туған), зейнеткер, мәдени қызметкер болған. Құрманғазы атындағы Апматы мемлекеттік консерваториясының халық факультетін бітірген (1984), домбыра классы бойынша орындаушы, вокалшы (бас). Қазақ және орыс тілдерін біледі. Нұр Отан ХДП мүшесі (2002 жылдан). 1982 жылдан - Құрманғазы атындағы қазақ академиялық ұлттық аспаптар оркестрінің әртісі. 1991 жылдан - «Отырар сазы» фольклорлық этнографиялық оркестрінің әртісі. 1995 жылдан - Қ. Қуанышбаев атындағы қазақ музыкалық драма төатрының бас дирижері. 1998 жылдан бері - «Сарыарқа» ұлттық аспаптар ансамблінің көркемдік жетекшісі. Мәдениет қайраткері (2001). Діни көзқарасы - ислам. Саяси қайраткер ретіндегі идеалы - Д.А. Қонаев. Қазақстанның болашағы туралы болжамы - «Орнықты дамып келе жатқан мемлекет». Хоббиі - бильярд, шахмат. Сүйіп оқитын әдебиеті - қазақ әдебиеті. Үйленген. Жұбайы - Хамзина Гүлнар Мұстахимқызы (1961 жылы туған), Қазақстан Республикасы Еңбек сіңірген әртісі, Астана қаласы Мемлекеттік филармониясының солисі. Ұлдары - Хамзин Ақан Нұрланұлы (1985 жылы туған), Қасқырбай Әлішер Нұрланұлы (1992 жылы туған.<ref>Қазақстан Республикасында кімнің кім екені . Екі томдық анықтамалық. Алматы, 2011 жыл. ISBN 978-601-278-473-2</ref>

Дереккөздер

<references/>

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:||}}}}

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:|[[Санат:Еш медиа файлы жоқ мақалалар/{{{1}}}]]|}}}}Үлгі:Bio-stub