Нұрлан Қабыкенұлы Әутәліпов

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

Үлгі:Infobox Biography Нұрлан Қабыкенұлы Әутәліпов 1957 жылы 20 мамырда Павлодар облысы Ертіс ауданының «Кутузов» кеңшарында туған. Қазақ. Алматы мал дәрігерлік институтын (1980) зоотехник мамандығы бойынша; Қазіргі замандық гуманитарлық академияны (Мәскеу қ., 2008) менеджмент бакалавры мамандығы бойынша бітірген. 1980 жылдан - Павлодар облысы Ертіс ауданы «Суворов» кеңшарының зоотехнигі. 1981 жылдан - Павлодар облысы Ертіс аудандық Қазақстан ЛКЖО комитетінің екінші хатшысы. 1984 жылдың тамызынан - Павлодар облысы Ертіс ауданы «Суворов» кеңшарының зоотехнигі. 1984 жылдың қарашасынан - Қазақстан ЛКЖО Орталық комитетінің нұсқаушысы (Алматы қ.). 1985 жылдан - Қазақстан ЛКЖО Қызылорда облыстық комитетінің хатшысы, 1988 жылдан - бірінші хатшысы. 1990 жылдан - Алматы қаласындағы Республикалық жастар бастамалары орталығының директоры. 1991 жылдан - «Арманинтерөнеркәсіп» ЖШҚ директоры (Алматы қ.). 1999 жылдан - «АБЖ» ЖШС директорының орынбасары (Алматы қ.). 2002 жылдан - Алматы облысы Сүт өндірушілер қауымдастығы төрағасының орынбасары. 2003 жылдан - «САФ АЛТЫН» ЖШС директорының орынбасары (Алматы қ.). 2004 жылдан - Павлодар облысы Табиғатты қорғау бағдарламалары департаменті бастығының орынбасары. 2005 жылдан - Павлодар облысы Табиғат ресурстары мен табиғатты пайдалануды реттеу департаментінің директоры. 2007 жылдың желтоқсанынан бері - Павлодар облысы Успенск ауданының әкімі. «Құрмет» орденімен марапатталған (2009).<ref>Қазақстан Республикасында кімнің кім екені . Екі томдық анықтамалық. Алматы, 2011 жыл. ISBN 978-601-278-473-2</ref>

Дереккөздер

<references/>

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:||}}}}

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:|[[Санат:Еш медиа файлы жоқ мақалалар/{{{1}}}]]|}}}}Үлгі:Bio-stub