Нұрлан Хабибуллаұлы Серғалиев

Қазақ Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет
Мұнда ауысу: шарлау, іздеу

Үлгі:Ректор Нұрлан Хабибуллаұлы Серғалиев (24 желтоқсан 1969, Каменка, Орал облысы) — қазақстандық ғалым, агроном, агроэколог; биология ғылымдарының кандидаты (1994), профессор. Ғылым мен техника саласындағы әл-Фараби атындағы Қазақстан Республикасы Мемлекеттік сыйлығының лауреаты (2015).<ref>Үлгі:Cite web</ref>

Өмірбаяны

Нұрлан Хабибуллаұлы Серғалиев 1969 жылғы 24 желтоқсанда Батыс Қазақстан облысы Тасқала ауданының Тасқала ауылында ауыл мұғалімдерінің отбасында дүниеге келген.

1985 жылы Белоглин орта мектебін бітіріп, Орал ауыл шаруашылығы техникумына оқуға түсті. 1989 жылы аталған оқу орнын үздік тәмамдады.<ref name=":0">Үлгі:Cite web</ref>

1989 жылы К. А. Тимирязев атындағы Мәскеу ауылшаруашылық академиясына «Агрономия» мамандығы бойынша оқуға түсіп, 1994 жылы оны үздік дипломмен тәмамдады. Оқуын аяқтаған соң агроэколог біліктілігін алды.

1994 жылы Бүкілресейлік тыңайтқыштар және агротопырақтану ғылыми-зерттеу институтының күндізгі аспирантурасында білім алып, биология ғылымдарының кандидаты ғылыми дәрежесін иеленді.

1998–2000 жылдары — Батыс Қазақстан агроуниверситетінің агрохимия, топырақтану және егіншілік кафедрасының аға оқытушысы.

2004–2017 жылдары — Жәңгір хан атындағы Батыс Қазақстан аграрлық-техникалық университетінде агробизнес және экология факультетінің деканы, ғылым және халықаралық байланыстар бөлімінің басшысы, Инкубациялық орталықтың директоры, ғылыми-зерттеу институтының директоры, ғылыми жұмыс жөніндегі проректор, басқарма төрағасы-ректор қызметтерін атқарды.

2014 жылғы ақпан – 2017 жылғы қараша аралығында — Жәңгір хан атындағы Батыс Қазақстан аграрлық-техникалық университетінің ректоры.<ref>Үлгі:Cite web</ref>

2018 жылғы 21 мамырдан бастап — Махамбет Өтемісов атындағы Батыс Қазақстан университетінің ректоры.<ref>Новый ректор в ЗКГУ им. М. УтемисоваҮлгі:Deadlink</ref><ref>Үлгі:Cite web</ref>

2016 жылғы наурыздан бастап — №30 Жәңгір хан сайлау округінен (Орал қаласы) VI шақырылымдағы Батыс Қазақстан облыстық мәслихатының депутаты.

​2019 жылғы наурыздан бастап — «Нұр Отан» партиясы Саяси кеңесінің мүшесі.

Ғылыми еңбектері

Жоғары оқу орындарының «Экология», «Топырақтану», «Ихтиология және балық шаруашылығы» мамандықтарында білім алушыларға арналған оқу-әдістемелік құралдардың авторы. Биология бағытында 150-ден астам ғылыми мақала жариялаған, сондай-ақ микробиология, ихтиология және биоалуантүрлілікті сақтау бойынша 5 патенттің иегері.<ref name=":0" />

​Халықаралық «Еуразия» қорының гранты бойынша университетте инновациялық-консалтингтік орталық ұйымдастырды (2004).<ref>Үлгі:Cite web</ref>

Марапаттары мен атақтары

  • 2009 — «Қазақстан Республикасы білім беру ісінің құрметті қызметкері» төсбелгісі;
  • ​2009 — «Қазақстан Республикасының ғылымын дамытуға сіңірген еңбегі үшін» төсбелгісі;
  • ​2015 — «Қазақстан халқы Ассамблеясына 20 жыл» мерекелік медалі;
  • ​2015 — Қазақстанда бекіре балығын өсірудің ғылыми-техникалық негіздерін әзірлеу және инфрақұрылымын құру бойынша ғылыми-зерттеу жұмыстарының циклі үшін ғылым мен техника саласындағы әл-Фараби атындағы Қазақстан Республикасының Мемлекеттік сыйлығы.<ref>Үлгі:Cite web</ref><ref>Үлгі:Cite web</ref>

Дереккөздер

Үлгі:Дереккөздер