Ниязбек

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

НИЯЗБЕК Рафаэль (24.3.1943 ж.т., Талас ауданы Жданов а.) – ақын, жазушы. Қазақ ұлттық ун-тінің филол. ф-тін бітірген (1978). 1961 – 63 ж. Талас ауданындағы «Ленин жолы» газетінде қызмет атқарған. 1967 – 71 ж. Қазақ радиосы әдебиет редакциясында, 1971 – 77 ж. «Жұлдыз» журналында әдеби қызметкер, бөлім меңгерушісі, 1977 жылдан «Жазушы» баспасында редактор. Соңғы жылдары шығарм. жұмыспен айналысуда. Алғашқы шығарм. қадамын өлең жазудан бастаған Н-тің «Келер күндер», «Қаратау мен Алатау», «Темірқазық», «Жалын кешкен», «Жер жанары», «Өркен», «Биіктей бер, тауларым», «Жетіген», «Тамұқ отына жанбаған», «Шешендер», «Ичкерия» атты жыр кітаптары жарық көрді. Ол «Бәйтеректер жел өтінде тұрады» өлеңдер жинағы үшін Қазақстан Жазушылар одағы І.Жансүгіров атынд. сыйлықтың лауреаты атанған. Шешен Республикасының Президенті А. Масхадовтың пәрменімен Н-ке «Шешендер» және «Ичкерия» кітаптары үшін Шешенстан Республикасының ең жоғары мемл. «Ұлт намысы» ордені мен Шешенстан мемл. сыйлығы берілді. Н. проза саласына да қалам тартқан. Оның «Отағасы», «Қаңтар», «Қызғыш құс» сияқты повестері, «Қызыл үй», «Тас құдай» атты романдары жарияланған. «Тас құдай» романында кеңес өкіметінің ұжымдастыру саясаты, сол кезеңнің ауыр тұрмысы, ашаршылық зардаптары суреттелген. «Тамұқ отына жанбаған» деген шер-дастаны көрнекті мемл. қайраткері А.Асқаровтың қызыл империяның кесірлі кесапатына ұшырап, азап шеккен қилы тағдырына арналған. 2002 ж. жарық көрген «Қыдыр ғұмыр» деп аталатын кітабында Д.А. Қонаевтың өмір жолдары өлеңмен суреттелген.


Дереккөздер

"Қазақ Энциклопедиясы"

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:||}}}}

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:|[[Санат:Еш медиа файлы жоқ мақалалар/{{{1}}}]]|}}}}


{{#ifeq:|Үлгі

| Бұл үлгі мақалаларды автоматты түрде Үлгі:C қосады. {{#ifeq:Ниязбек|Документация||}}{{#if::Санат:Үлгілер:Аяқталмаған мақалалар|}} |{{#if:||{{#if::Санат:Үлгілер:Аяқталмаған мақалалар|}}}} }}