Нифонт Иванович Долгополов

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

Үлгі:Infobox Biography Нифонт Иванович Долгополов (1857- 1922) - халықшыл-революционер. Харьков университетінің медицина факультетінде оқыған, 1878 жылы студенттердің толқуына белсене қатысқаны үшін қамауға алынып, полицияның ашықтан-ашық бақылауыңда болатын шартпен Батыс Сібірге жер аударылған. 1880 жылы ол Тобыл губерниясының Қорған қаласына келіп емдеу қызметімен айналысуға тыйым салынуына қарамастан, қала тұрғындарына тегін дәрігерлік көмек көрсетеді. 1882 жылы Қорғаннан қуылған ол 1884 жылы маусым айыңда Семейге келіп, полицияның ашық бақылауыңда жер аударылу мерзімі біткенге дейін болады. Абай онымен Семейдегі айдауда болған (1884-86 жылы) кезеңінде өте жақын танысты. Олардың достық байланысын Абай замандастарының белгілі естеліктері, олардың өмірбаянын алғаш зерттеушілер, соңдай-ақ Семей облысы архив басқармасының қорындағы деректер дәлелдейді. 1885 жылы жазында ауырып қалған ол Семей генерал-губернаторынан Абай аулына барып емделіп қайтуға рұқсат сұрайды: Үлгі:Start citation «Менің денсаулығым қатты бұзылды... Жоғары мәртебелі Сізден осыған байланысты Шыңғыс болысына - Өскенбаев Құнанбай аулына баруыма... рұқсат беруіңізді сұраймын, 1885 жылғы 4 маусым Н. Долгополов» (ҚР ОМА, 15-қор, 2-тізім, 88-іс, 69- парақ). Үлгі:End citation Абайдың Долгополовпен және басқа орыстың саяси жер аударылғандарымен достығы, ақынның дүниетанымының революция-демократтар идеясы рухында қалыптасуына игі әсер етті. М. Әуезовтің «Абай жолы» эпопеясындағы Абайдың досы, саяси жер аударылған Федор Иванович Павловтың тарихи прототипі - Долгополовтың бейнесі.<ref>Абай. Энциклопедия. – Алматы: «Қазақ энциклопедиясының» Бас редакциясы, «Атамұра» баспасы, ISBN 5-7667-2949-9</ref>

Дереккөздер

<references/>

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:||}}}}

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:|[[Санат:Еш медиа файлы жоқ мақалалар/{{{1}}}]]|}}}}


{{#ifeq:|Үлгі

| Бұл үлгі мақалаларды автоматты түрде Үлгі:C қосады. {{#ifeq:Нифонт Иванович Долгополов|Документация||}}{{#if::Санат:Үлгілер:Аяқталмаған мақалалар|}} |{{#if:||{{#if::Санат:Үлгілер:Аяқталмаған мақалалар|}}}} }}