Батыс-Сібір генерал-губернаторлығы

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

Үлгі:Ресей империясының әкімшілік бірлігі Батыс Сібір Генерал-Губернаторлығы - Ресей империясының 1822 - 91 жылдардағы әкімшілік-территориялық бөлігі. Оның құрамына Тобыл, Томск губерниялары мен Омбы облысы енді. Орталығы алғашқыда Тобыл, 1839 жылдан Омбы қаласы болды. Батыс Сібір генерал-губернаторлығының құрамына енген Омбы облысы қазақтарының Ақмола, Ақсуат, Аягөз, Баянауыл, Қарқаралы, Құсмұрын, Көкпекті, Көкшетау округтері “Сібір қырғыздары туралы жарғыға” (1822) сәйкес басқарылады. Округтер болыстарға, болыстар ауылдарға бөлінді. 1868 жылы 21 қазанда бекітілген “Орынбор және Батыс Сібір генерал-губернаторлықтарының далалық облыстарын басқару туралы уақытша ереже” бойынша құрылған қазақ облыстарының ішінде Ақмола облысы мен Семей облысы Батыс Сібір генерал-губернаторлығына қарады. Ақмола облысына - Ақмола, Көкшетау, Омбы және Петропавл уездері, ал Семей облысына - Семей, Көкпекті, Зайсан, Баянауыл, Қарқаралы және Өскемен уездері енді. Түркістан генерал-губернаторлығы құрамында болған Жетісу облысы 1883 жылы Батыс Сібір генерал-губернаторлығы қарамағына берілді. 1891 жылы 21 наурызда қабылданған “Ақмола, Семей, Жетісу, Орал және Торғай облыстарын басқару туралы ережеге” сәйкес Орынбор губернаторлығы мен Батыс Сібір генерал-губернаторлығының орнына орталығы Омбы болған Дала генерал-губернаторлығы құрылды.<ref>Айбын. Энциклопедия. / Бас ред. Б.Ө.Жақып. - Алматы: «Қазақ энциклопедиясы», 2011. - 880 бет.ISBN 9965-893-73-Х</ref>

Батыс-Сібір генерал-губернаторлығы - аумақтық-әкімшілік бірлік, оған Қазақстанның Орта және Ұлы жүздерінің едәуір аумағы енді. 1822 жылы Сібірді Шығыс Сібір және Батыс Сібір генерал-губернаторлығы әкімшілік жағынан бөлуге байланысты пайда болды. Оның соңғысы Тобыл мен Томск губерниясы құрамына кірді, орталық 1824 жылдан Тобыл қаласы, Омбы облысы, 1839 жылдан Омбыда орналасты. 1822-1844 ж. «Сібір қазақтарының жарғысы» бойынша қазақтарындың аумағы 8 сыртқы округ бөлінді: Ақмола, Қарқаралы, Баянауыл, Көкшетау, Құсмұрын, Аманқарағай, Атбасар, Аягөз, бұл аумағы Омбы облысын құрады, ол «Сібір қырғыздарының облысы» деп аталды. Сонымен бірге оған Омбы, Петропавл, Семей және Өскемен сыртқы округ жатқызылды. 1838 ж. Омбы облысы қысқартылды. 1867-1868 ж. Ереже бойынша Батыс-Сібір генерал-губернаторлығы құрамында Ақмола (Омбы), Семей (Семей), Жетысу (Верный) облыстары болды. Олар уездерге, болыстарға, ауылдарға, станицаға бөлінді. Шекаралары үнемі ауысып тұрды. 1891 ж. Ереже бойынша Батыс-Сібір генерал-губернаторлығы бұрынғы әкімшілік шекараны сақтай отырып, Дала генерал-губернаторлығы болып қайта құрылды, ол XX ғасырдың бас кезіне дейін болды. Осындай әкімшілік-аумақтық қайта құрулар қазақтардың этникалық және мәдени тұтастығын бұзуға бағытталған отарлық жүйені басқаруды жеңілдету мақсатында жүргізілді.

Генерал губернаторлар

  • Капцевич, Пётр Михайлович (1822—1827)
  • Вельяминов, Иван Александрович (1827—1834)
  • Сулима, Николай Семёнович (1834—1836)
  • Горчаков, Пётр Дмитриевич (1836—1850)
  • Гасфорд, Густав Христианович (1851—1861)
  • Дюгамель, Александр Осипович (1861—1866)
  • Хрущов, Александр Петрович (1866—1875)
  • Казнаков, Николай Геннадьевич (1875—1881)
  • Мещеринов, Григорий Васильевич (1882)

Дереккөздер

<references/>

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:||}}}}


{{#ifeq:|Үлгі

| Бұл үлгі мақалаларды автоматты түрде Үлгі:C қосады. {{#ifeq:Батыс-Сібір генерал-губернаторлығы|Документация||}}{{#if::Санат:Үлгілер:Аяқталмаған мақалалар|}} |{{#if:||{{#if::Санат:Үлгілер:Аяқталмаған мақалалар|}}}} }}