Николай Иванович Петров
Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет
Николай Иванович Петров (1928, Ресей). Қазақ КСР-інің еңбек сіңірген геолог-барлаушысы (1986). КСРО мемлекеттік сыйлығының лауреаты (1982). Мәскеу мұнай институтын бітірген (1951).
- 1951-1988 жылдары - Қазақ геофизика кеңсесінде инженер-интерпретатор, геофизикалық барлау бөлімінің аға инженері, сейсмикалық партия бастығы Гурьев геофизика экспедициясының бастығы, «Қазақстанмұнайгеофизика» тресінің бас инженері, «Қазақстанмұнайгазбарлау» басқармасында бас геофизик, «Ембімұнайгеофизика» тресінің басқарушысы.
- 1988 жылдан - дербес зейнеткер.
Еңбек Қызыл Ту орденімен және медалдармен марапатталған.<ref>Қазақстанның мұнай энциклопедиясы. 2 томдық - Алматы: "Мұнайшы" Қоғамдық қоры, 2005. ISBN 9965-9765-1-1</ref>
Дереккөздер
<references/>
{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:|[[Санат:Еш медиа файлы жоқ мақалалар/{{{1}}}]]|}}}}