Николай Иванович Львов

Қазақ Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет
Мұнда ауысу: шарлау, іздеу

Николай Иванович Львов (4.8. 1893, Мәскеу облысы Кусково, - 1982, Мәскеу қаласы) - театртанушы, өнертану докторы (1965), профессор (1966). 1917 жылы Мәскеу университетінің тарих-филолология факультетін, 1922 ж. Жоғары театр шеберханасын бітірді. Шығармалығын көркемөнерпаздар үйірмелеріне арналған әдістемелік кітапшалар жазудан бастады. 1940 жылдан Орта Азия, Қазақстан, Африка театрларының тарихын зерттеумен айналысты. 1948 - 1955 жылдары казіргі Әдебиет және өнер институтының театр, бейнелеу өнері бөлімінде қызмет етті. 1960 жылдан Мәскеудің театр өнері институтында пед. қызметпен шұғылданды.<ref>Қазақ мәдениеті. Энциклопедиялық анықтамалық. Алматы: “Аруна Ltd.” ЖШС, 2005 ISBN 9965-26-095-8</ref>

Дереккөздер

<references/> Үлгі:Stub: Қазақ мәдениеті Үлгі:Wikify

Үлгі:Суретсіз мақала