Николай Дмитриевич Ковшов

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

Үлгі:Кинематограф Ковшов Николай Дмитриевич (07.11.1907 жылы туған, Мәскеу) - орыс кеңес актері, режиссер, педагог, Қазақ АКСР-ның еңбек сіңірген өнер қайраткері (1965).

1941 жылдан КОКП мүшесі. ГИТИС-тің актерлік (1930) және театр зерттеу (1956) факультетін бітірді. 1930 жылдан Мәскеудің Көркем академиялық театрында қызмет етеді. В.Ивановтың "Бронепоезд 14-69", Н.Ф.Погодинның "Үшінші шабыт" (2-нұсқасы), А.Кронинның "Юпитер күледі", Н.В.Гогольдің "Ревизор", М.Горькийдің "Тоғышарлар" мен "Егор мен Булычов және басқалары " пьесаларын қойды. 1945 жылдан педагогикалық қызметпен шұғылданады (доцент 1967). ГИТИС - тің жанындағы қазақ, қабарда, мари, осетин, тәжік ұлттық студияларында сабақ берді. "Құрмет белгісі" орденімен, медальдармен мараппаталған.

Шәкірттері:

  • Қазақ АКСР халық артисы Ы.Ноғайбаев,
  • Қазақ АКСР-ның еңбек сіңірген артистері М.Байзақова,
  • Т.Жайлыбеков т.б.<ref>Қазақ Совет Энциклопедиясы, Алматы 1974 жыл,5 том, бас редакторы М.Қ. Қаратаев, 486 бет</ref>

Дереккөздер

Үлгі:Дереккөздер