Николай Гаврилович Хлудов

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

Сурет:Tоғызқұмалақ ойнау сәті. Суретші Н.Хлудов. 1900 ж..tif
Tоғызқұмалақ ойнау сәті. Суретші Н.Хлудов. 1900 ж.
Сурет:Н.Г.Хлудов. Таңертеңгі Ыстықкөл. 1920 жыл.tif
Н.Г.Хлудов. Таңертеңгі Ыстықкөл. 1920 жыл.

Николай Гаврилович Хлудов (25 қараша, 1850, Орел губерниясы23 маусым, 1935, Алматы) — суретші.

Өмірбаяны

  • 1873 — 75 жылы Одесса сурет және мүсін мектебінде оқыған.
  • 1877 жылы арнайы шақыртумен Верный (Алматы) қаласына суретші Х.Глушковпен бірге келеді. Глушковпен бірге жергілікті халықтардың этнографиялық көркемсуретті альбомын құрастырды. Жергілікті халықтың тұрмыс-салтын тыңғылықты біліп зерттеу үшін ол Жетісу және Сырдария облыстарының жерлерін межелеу мекемесіне орналасты. Іссапармен осы өлкенің көптеген жерлерінде болған Хлудов жүрген жерлерінен сан алуан этюдтер, сызбалар, суреттер салып, кейін соның негізінде этнографиялық-өлкетанушылық маңызы зор және көркемдік орындалу шеберлігі жағынан әр қилы картиналар сериясын жасады. Қазақстанда өмірінің соңына дейін тұрған Хлудов Жетісу жерінде ғылыми-зерттеулік жұмыстарын жүргізуге белсене араласып, көптеген ғылыми қоғамдардың мүшесі болды. Әр түрлі ғылыми экспедициялардың жұмысына суретші ретінде қатысты. Түркістандық археология әуесқойлары үйірмесінің мүшесі, орыс географиялық қоғамының Жетісу бөлімінің құрылтайшысы әрі мүшесі; осы қоғам Қазақстанды зерттеу қоғамымен біріккенде оның толық мүшесі болады.
  • 1886 жылы Тянь-Шань шыңы Хантәңірін зерттеген геолог Игнатовтың экспедициясына қатысып, әр түрлі сызба суреттер қалдырды.
  • 1887 жылы Верный қаласында жер сілкінгенде оның себебі мен зардабын зерттейтін Санкт-Петербургтен келген профессор И.В. Мушкетовтың экспедициясына суретші ретінде қатысты; бұл экспедицияның құрамында атқарған белсенді қызметі үшін күміс медальмен марапатталды.
  • 1918 — 19 жылы Алматы ауыл шаруашылығы техникумында сурет пен сызудан сабақ жүргізді. Осы жылдары Хлудов өзінің бұрынғы салған этюдтері мен сызбалары негізінде өнімді еңбек етіп, өлкелік-этнографиялық тақырыпта 90-нан астам картина салды.
  • 1910 жылы Мәскеу және Санкт-Петербург қалаларында Қазақстан өмірін бейнелейтін шығармаларымен көрмеге қатысты.
  • 1929 жылы Алматыда Хлудов картиналарының көрмесі өтті. Қазақстан Орталық музейінің кеңесі суретші шығармаларын өз қорына алу туралы мәселе көтеріп, осыған орай Хлудов картиналарының көркемдік құндылығын анықтау мақсатымен суреттерді А.Байтұрсыновқа сарапшылыққа берді. Байтұрсынов Хлудовтың 18 картинасын саралай отырып, олардың көпшілігінің қазақы тұрмысты шынайы бейнелемей, алшақ жатқандығын ашып, сын-ескертпелерін жазып берді. Дегенмен, Хлудов картиналарында қазақ тұрмысын өзі көрген қалпында бейнелеген, оны тануға ұмтылғанын және жергілікті тұрғындарға деген шынайы жылылық сезімі “Тайынша мінген бала”, “Жасауыл”, “Қобыз тыңдап отырған қазақтар” (1904), “Қойшы бала”, “Тянь-Шань баурайындағы шөп шабу”, т.с.с. шығармаларында айқын байқалады. Хлудов шығармаларының басым көпшілігі ҚР Мемлекеттік Орталық музейінің қорында сақтаулы тұр.
  • 20 ғасырдың 20-жылдары ол Верный қаласында жас суретшілерді оқытып үйрететін шеберхана-студия ұйымдастырды; осы студияда көптеген суретшілер (Ә.Қастеев, Ә.Ысмайылов, С.А. Чуйков, Г.А. Брылов, А.Н. Бортников, т.б.) тәлім алды.<ref>"Қазақ Энциклопедиясы", 9 том</ref><ref>Қазақ мәдениеті. Энциклопедиялық анықтамалық. Алматы: “Аруна Ltd.” ЖШС, 2005 ISBN 9965-26-095-8</ref>

Дереккөздер

Үлгі:Дереккөздер

Үлгі:Stub: Қазақ мәдениеті