Никита Сергеевич Михалков

Қазақ Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет
Мұнда ауысу: шарлау, іздеу

Үлгі:Кинематограф Никита Сергеевич Михалков (21 қазан 1945 ж.т., Мәскеу қ. КСРО) - актер, режиссер, сценарийші, Ресейдің халық әртісі (1984).

Өмірбаяны

Б.В. Щукин атындағы театр училищесінде (Мәскеу) оқыды (1963-1966).

Бүкілодақтық кинематография институтын бітірген (1971). Оқып жүрген кезінде "Мәншүк туралы дастан" көркем фильмінде (1970) солдат Ежовтың рөлін орындады.

1971 жылдан режиссер өнерімен айналысты.

1978 ж. А.А. Адабашьян және А.С. Михалков-Кончаловскиймен бірлесіп, "Транссібір экспресі" атты көркем фильмінің сценарийін жазуға катысты.

1998 ж. кино өнерін дамытуға қосқан елеулі үлесі үшін оған Қазақстан Президентінің арнаулы сыйлығы берілді.<ref>Қазақ мәдениеті. Энциклопедиялық анықтамалық. Алматы: “Аруна Ltd.” ЖШС, 2005 ISBN 9965-26-095-8</ref>

Дереккөздер

<references/>


Үлгі:Stub: Қазақ мәдениеті Үлгі:Wikify