Наталья Никитична Ильенко

Қазақ Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет
Мұнда ауысу: шарлау, іздеу

Наталья Никитична Ильенко (26.3.1967 жылы туған, Хабаровск өлкесі, Аянамай ауданы, Нельма кенті) – спорттық гимнастикадан спортқа еңбегі сіңген шебер (1981).

Алғашқы жаттықтырушысы – Ф.Рукина. Кейіннен Н.Цапенко, Ю.Цапенко, Н.Маракова, А.Гребенниковтың жетекшілігімен жаттықты. Ильенко Қазақстанның бірнеше дүркін чемпионы (1979 – 85), КСРО чемпионы (Киев, 1980, Донецк, 1981), дүние жүзі чемпионы (Мәскеу, 1981), Еуропа чемпионатының күміс жүлдегері (Варшава, 1982), КСРО халықтары спартакиадасының күміс жүлдегері (Мәскеу, 1983), “Достық” ойындарының жеңімпазы (Будапешт, 1984), КСРО чемпионы (Мәскеу, 1984), дүние жүзі чемпионы (1985, Мәскеу). Спорттағы табыстары үшін “Құрмет Белгісі” орденімен (1985) марапатталды. 1981 – 85 жылдары Қазақстанның ең таңдаулы он спортшысы тізіміне енді. Қазір Англияның астанасы Лондон қаласында тұрады. Аэробикадан жаттықтырушылық қызмет атқарады.<ref>«Қазақстан»: Ұлттық энцклопедия / Бас редактор Ә. Нысанбаев – Алматы «Қазақ энциклопедиясы» Бас редакциясы, 1998 ISBN 5-89800-123-9, IV том</ref>

Сілтемелер

<references/>

Үлгі:Суретсіз мақала

Үлгі:WikifyҮлгі:Stub