Насрулла Мүбашширхан ат-Тарази

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

НАСРУЛЛА МҮБАШШИРХАН АТ-ТАРАЗИ (15.3.1922, Тараз қ. – 2002, Египет, Каир қ.) – ғалым, шығыстанушы.

Көне Тараздың арғы-бергі тарихында одан шыққан оқымысты, білімпаз ғалымдар шоғырының ат-Тарази деп Қали атын ныспы еткендердің ең соңғысы. Кеңес өкіметінің солақай саясатының кесірінен 1930 ж. әкесімен бірге Ауғанстанға өтіп, сонда бастауыш сынып пен орта мектепті, француз лицейін бітірген соң Кабул ун-тінде білімін тереңдетеді. 1949 ж. аталған жоғары оқу орнында парсы тілі бойынша ғылым докторы дәрежесіне ие болады. Пәкістан, Үндістан арқылы Мысырға қоныс аударып, Каирда біржолата тұрақтап қалады. 1970 ж. осындағы аймақтық ун-ттің шешімімен профессор атағын иеленеді.

Н. Орта Азия, Қазақстан, Шығыс Түркістан жеріндегі ислам дінінің таралуы туралы мәлімет беретін әйгілі тарихшы Бадаулымен бірге «Бұхара тарихын» араб тіліне аударып, зерттеу түсініктерімен бастырған. Оның құндылығы сол, 943 – 944 ж. араб тілінде жазылып, кейін парсы тіліне аударылған бұл кітаптың араб тіліндегі түпнұсқасы жоғалып кеткен. Тек парсы тіліндегі аударма ғана сақталған. Насрулла Ат-Тарахи өз саласында ондаған каталогтар, арнайы библиографиялық көрсеткіштер, ғыл. мақалаларын есепке алмағанда жүзден аса ғыл. еңбектердің авторы, олардың іргелілерін атап айтсақ, төмендегідей:

  1. Нураддин Абдурахман Аль-Джамидің қолжазба және баспа еңбектерінің Мысыр ұлттық кітапханасында сақтаулы кітаптарының каталогтары. Басылымы 1964 ж. аяқталған;
  2. Мысыр ұлттық кітапханасында сақтаулы парсы қолжазбалары. 1967–68 ж. аралығында басылып шыққан 3 томдық каталог;
  3. Мысыр ұлттық кітапханасында сақтаулы, суреттермен безендірілген парсы қолжазбаларының сипаттама каталогы. Басылымы 1968 ж. аяқталған;
  4. Осман-түрік қолжазбаларының каталогы. 5 томдық басылымы, 1987–1992 ж.;
  5. 1870–1969 ж. аралығында Мысыр ұлттық кітапханасында сақталған Осман-түрік баспалары. 3 томдық басылымы 1982 ж. аяқталған;
  6. Бұқара тарихы. 1978 ж. басылып шыққан;
  7. Забан Фариси заңдары (Парсы тілінің ережелері). 1978 ж. жарық көрген;
  8. Осман-түрік шешендік сөздерінің тағылымы (сөз өнері, нәзік әдебиет). Метрика және рифма. Басылымы 1986 ж. аяқталған;
  9. Қазіргі заманғы парсы стильдері (әдістері мен жолдары). Толық басылымы 1981 ж. аяқталған;
  10. Әмір Темір және оның ұрпақтары, олардың ғылым мен мәдениет салаларындағы еңбектері туралы Мысыр ұлттық кітапха-наларындағы сақтаулы дерек көздері мен құжаттардың каталогы. Әмір Темірдің туылғанына 660 жыл атты ғыл. конференцияға арналған. 1996 басылып шыққан.

Н-ның інісі де белгілі ғалым, Сауд Арабиясының Жидда қаласындағы Мәлік Әбдел Әзиз ун-тінің проф-ы. Ол 1971 ж. Каир ун-тінде Ислам тарихы мен мәдениеті саласында докторлық диссертация қорғаған. Араб, ағылшын, парсы, урду, сондай-ақ, түркі халықтары тілдерін жетік меңгерген.<ref>"Қазақ Энциклопедиясы"</ref>

Дереккөздер

Үлгі:Дереккөздер

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:||}}}}

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:|[[Санат:Еш медиа файлы жоқ мақалалар/{{{1}}}]]|}}}}


{{#ifeq:|Үлгі

| Бұл үлгі мақалаларды автоматты түрде Үлгі:C қосады. {{#ifeq:Насрулла Мүбашширхан ат-Тарази|Документация||}}{{#if::Санат:Үлгілер:Аяқталмаған мақалалар|}} |{{#if:||{{#if::Санат:Үлгілер:Аяқталмаған мақалалар|}}}} }}