Нартай Дүтбаев

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

Нартай Дүтбаев (7.1.1956 ж.т., қазіргі Байзақ ауданы Сарыкемер а.) – мемлекет қайраткері, генерал-лейтенант.

Қазақ политехникалық институтын (қазіргі Қазақ ұлттық техникалық универститеті) (1978), Мәскеу және Минск қалаларындағы КСРО Мемлекеттік қауіпсіздік комитетінің (МҚК) Жоғары курстарын бітірген. 1981 жылдан мемлекеттік қауіпсіздік органдарында. 1982 – 86 ж. Ресейдің Ставрополь өлкелік МҚК басқармасында, 1986 жылдан Қазақстан МҚК – ҰҚК органдарының аумағы басқармаларында, орталық аппаратында жұмыс істейді. 1998 – 2001 ж. ҚР Ұлттық қауіпсіздік комитеті төрағасының орынбасары – сыртқы барлау қызметінің жетекшісі қызметтерін атқарды, 2001 ж. желтоқсан айында ҚР ҰҚК төрағасы болып тағайындалды.

Дүтбаевтың басшылығымен қазіргі жағдайда шет елдердің арнаулы қызметтерінің барлау әрекеттеріне тосқауыл болуға, сондай-ақ, мемлекетіміздің ұлттық мүдделерін сыртқы және ішкі қауіп-қатерден қорғауға бағытталған оперативтік-қызметтік мәселелерді табысты шешуге мүмкіндік туғызатын ұйымдастыру және шұғыл шаралар жүйесі жасалды. Медальдармен марапатталған.<ref>Қазақ Энциклопедиясы, 5-том</ref>

Дереккөздер

<references/>


{{#ifeq:|Үлгі

| Бұл үлгі мақалаларды автоматты түрде Үлгі:C қосады. {{#ifeq:Нартай Дүтбаев|Документация||}}{{#if::Санат:Үлгілер:Аяқталмаған мақалалар|}} |{{#if:||{{#if::Санат:Үлгілер:Аяқталмаған мақалалар|}}}} }}