Мөртай Қосшығұлов

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

Мөртай Қосшығұлов - 1924 жылы 5 мамырда қазіргі Солтүстік Қазақстан облысы, Есіл ауданы, Тауағаш ауылында туған. Ұлы Отан соғысына қатысқан. 1956 жылы Алматы заң институтын бітірген. Адвокат, судья болып істеген, біраз уақыт Қазақстан Республикасының Жоғарғы сотында қызмет атқарды. Алматы қаласындағы Жетісу (бұрынғы Ленин) аудандық халық сотының төрағасы болған.

«Кім кінәлі», «Шындық сыры», «Өмір сүргім келеді», «Бұғалық» атты повесть, очерктері шыққан. Сондай-ақ «Ақ күшікті қыз», «Екі жүректі куә», «Бөшкедей сұлу», т.б. туындылары бар. Бірқатар орден, медальдармен марапатталған.<ref>Қазақстан жазушылары: Анықтамалық/Құрастырушы: Қамшыгер Саят, Жұмашева Қайырниса - Алматы: «Аң арыс» баспасы, 2009 жыл</ref>

Дереккөздер

<references/>

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:||}}}}