Мәстексай

Қазақ Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет
Мұнда ауысу: шарлау, іздеу

Үлгі:Елді мекен-Қазақстан Мәстексай, МәштексайБатыс Қазақстан облысы Жаңақала ауданындағы ауыл, Мәстексай ауылдық округі орталығы, бұрынғы атауы - "Ленинское".

Географиялық орны

Аудан орталығы - Жаңақала ауылынан оңтүстік-батысқа қарай 33 км жерде, Қараөзен өзенінің сол жағасында орналасқан.

Халқы

1999 жылы тұрғындар саны 2173 адам (1096 ер адам және 1077 әйел адам) болса, 2009 жылы 1756 адамды (896 ер адам және 860 әйел адам) құрады.<ref name="source122">2009 жылғы Қазақстан Республикасы халқының Ұлттық санағының қорытындылары. Астана 2011. 1 том Үлгі:Webarchive</ref>

2021 жылғы санақ қорытындысы бойынша 1276 адамды (654 ер адам және 622 әйел адам) құрады.<ref>2021 жылғы ұлттық халық санағының қорытындылары</ref>

Тарихы

1962-1997 жылдары асыл тұқымды “Мәстексай” қой өсіру кеңшарының орталығы болған. Оның негізінде Мәстексайда және округке қарасты Екпінді, Көккөз, Мұқыр ауылдарында бірнеше шаруа қожалықтары құрылған.

Атауының тарихы

Мәстексай аталуы - ертеде Мәстек деген бай болыпты, сол байдың жылқысы көп болғаны соншалық үйір жылқысы өткен жерден сайдың ізі қалатын болыпты. Бірде байдың інісі қызғаныштан, жылқы бағып жүріп, барлық жылқыны ағасының үйіне қарай айдапты. Қашып құтыла алмайтынын біліп үйір жылқыға тапталып өліпті. Мәстек деген байдың өлген жерінде ауылды екіге бөліп тұрған сай қалыпты. Содан Мәстексай атанған.<ref>Батыс Қазақстан облысы. Энциклопедия. — Алматы: «Арыс» баспасы, 2002 жыл. ISBN 9965-607-02-8</ref>

Ауылдық округ территориясымен Үлкен Өзен (Қараөзен), Мұқыр өзендері ағып өтіп Қамыс-Самар айдындар жүйесіне барып құяды.<ref>“Қазақстан”: Ұлттық энциклопедия/Бас редактор Ә. Нысанбаев – Алматы “Қазақ энциклопедиясы” Бас редакциясы, 1998 ISBN 5-89800-123-9</ref>

Дереккөздер

Үлгі:Дереккөздер

Үлгі:Жаңақала ауданы елді мекендері