Мәскеу көркем академиялық театры

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

Сурет:Moscow TverskoyBvd MGorky Art Theatre 08-2016.jpg
Мәскеу көркем академиялық театры
Мәскеу көркем академиялық театры<ref name="source1">"Қазақ энциклопедиясы",VI-том</ref>, Максим Горький атындағы Мәскеу Көркем Академиялық Театры – орыс ұлттық театры. 1898 ж. 26 қарашада Алексей Константинович Толстойдың “Патша Федор Иоанович” трагедиясымен шымылдығын ашты. Театрдың негізін салушылар – Константин Сергеевич Станиславский мен Владимир Иванович Немирович-Данченко. Мәскеу Көркем Академиялық Театры репертуар, режиссура, актерлік өнер, театр істерін ұйымдастыру істерін жетілдіре келе сахна өнеріндегі шығармашылық процестің әдіснамасын қалыптастырды. Алғашқы жылдары А.П. Чехов (“Шағала”], “Ваня ағай”, “Шиелі бақ”, т.б.) пен Максим Горький (“Тоғышар”, “Шыңырау түбінде”, “Күннен туғандар”) пьесаларын қойды. Театр репертуарында классикалық шығармалардан А.С. Грибоедовтың “Ақыл азабы”, Н.В. Гогольдің “Ревизор”, Ф.М. Достоевскийдің “Ағайынды Карамазовтар”, Ж.Б. Мольердің “Жалған ауру”, т.б. пьесалары қойылды. Театр 1920 ж. академиялық театр санатына қосылып, 1932 ж. Горький есімімен аталды. 30-жылдардан бастап қазақ театр өнерінің шеберлері Мәскеу Көркем Академиялық Театры өнерпаздары шығармаларымен танысып, үлгі өнеге алды. Театрдың 50 жылдық мерейтойына Ш.Айманов, Х.Бөкеева, Қ.Қуанышбаев сынды өнер тарландары қатысып, У.Шекспирдің “Асауға тұсау” спектаклінен үзінділер орындады. 1965 ж. театр труппасы гострольдік сапармен Алматыға келіп, Гоголь, Горький, Л.Н. Толстой, А.Н.Островский, Д.Гранин, т.б. жазушылардың драмалық шығармаларын қойды. 1987 ж. Мәскеу Көркем Академиялық Театры екіге бөлініп, Горький атындағы., Чехов атындағы театрлар құрылды.<ref>Өнер: Жалпы білім беретін мектептің жаратылыстану-математика бағытындағы

11-сыныбына арналған оқулык/Қ.Болатбаев, Е.Қосбармақов, А.Еркебай. — Алматы: "Мектеп" баспасы, 2007. ISBN 9965-33-998-8</ref>

Дереккөздер</span>

<references/>

  • Қазақ энциклопедиясы

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:||}}}}


{{#ifeq:|Үлгі

| Бұл үлгі мақалаларды автоматты түрде Үлгі:C қосады. {{#ifeq:Мәскеу көркем академиялық театры|Документация||}}{{#if::Санат:Үлгілер:Аяқталмаған мақалалар|}} |{{#if:||{{#if::Санат:Үлгілер:Аяқталмаған мақалалар|}}}} }}