Мәлік Кеңесбайұлы Мырзалин

Қазақ Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет
Мұнда ауысу: шарлау, іздеу

Үлгі:Мемлекеттік қайраткер

Мәлік Кеңесбайұлы Мырзалин (31 қазан 1971, Ақтөбе) — қазақстандық саясаткер, дипломат, 2022 жылғы 9 желтоқсаннан бастап қызметтегі Грузиядағы елші, одан бұрын Ақмола облысының әкімі болған.

Өмірбаяны

1971 жылы 31 қазанда Ақтөбеде дүниеге келді.

Білімі

1996 жылы Мәскеу мемлекеттік халықаралық қатынастар институтын және 2006 жылы Йель университетінің менеджмент мектебін “халықаралық қатынастар маманы” мамандығы бойынша тәмамдады. Одан бөлек 2000-жылдары Ресей Сыртқы істер министрлігінің Дипломатиялық академиясында аға дипломаттарға арналған халықаралық курстардан өтті. 2010 жылы саясаттану ғылымдарының кандидаты атанды.

Мансабы

Еңбек жолын 1996 жылы Қазақстанның Ресейдегі Елшілігінде референт, атташе, үшінші, екінші және бірінші хатшы болып бастады.

Одан кейін Батыс Қазақстан облысында жалғасты: 2004—2006 жылдары әкім аппаратының басшысы, 2006—2007 жылдары әкім орынбасары болса, 2006—2007 жылдары әкімнің бірінші орынбасары болды.

Енді Астанаға көшіп ол жақта 2008—2009 жылдары Нұр Отан ХДП Астана қаласы Орталық аппараты басшысының орынбасары, 2010 жылы 1 ай Қазақстан темір жолы компаниясы президентінің кеңесшісі болды. 2010—2011 — Қазақстан президенті Іс басқармасының аппарат басшысы, 2011—2013 — Қазақстан Дін істері агенттігінің жауапты хатшысы, 2013—2017 — Қазақстан президенті Іс басқарушысының орынбасары.

2017 жылы қаңтарда президент бұйрығымен Қазақстан президенті Іс басқарушысының бірінші орынбасары болып тағайындалды.<ref>Үлгі:Cite web</ref>

2017 жылы наурызда Қазақстан президентінің № 445 бұйрығымен Ақмола облысының әкімі болып тағайындалды.<ref>Үлгі:Cite web</ref><ref>Үлгі:Cite web</ref>

2019 жылы Қазақстан президентінің № 881 бұйрығымен Қазақстан президенті әкімшілігі басшысының орынбасары болып тағайындалды.<ref>Үлгі:Cite web</ref>

2022 жылы Қазақстанның Грузиядағы Төтенше және Өкілетті Елшісі болып тағайындалды.<ref>Үлгі:Cite web</ref>

Жеке өмірі

Үйленген, жұбайы Жанар Жақсылыққызы Мырзалина (1974 туған). Балалары: қызы — Динара (1996 туған) және ұлдары — Нұртай (2002 туған) мен Санжар (2009 туған).

Марапаттары мен атақтары

Дереккөздер

Үлгі:Дереккөздер