Мәжит Төлеубекұлы Есенбаев
Үлгі:Мемлекеттік қайраткер Мәжіт Төлеубекұлы Есенбаев (28 сәуір 1949 жыл, Павлодар) — қазақстандық мемлекет және саяси қайраткері, 1996–1997 және 2012–2013 жылдары аралығында Мемлекеттік кірістер комитетінің төрағасы, 2004–2008 жылдары Ақмола, 1997–1999 жылдары Қарағанды облыстарының әкімі болды. Экономика ғылымдарының кандидаты.
Өмірбаяны
Есенбаев 1949 жылы 28 сәуірде Павлодарда дүниеге келді.
Білімі
Есенбаев 1972 жылы Қазақ политехникалық институтын «тау-кен өнеркәсібінің экономикасы және ұйымдастырылуы» мамандығы бойынша тәмамдады.
Мансабы
Есенбаев еңбек жолын Қазақ КСР Мемлекеттік жоспарлау комитетінде бастады: ол 1972–1975 жылдары Жоспарлау және стандарттар ғылыми-зерттеу экономикалық институтының экономисі, 1975–1979 жылдары Мәскеуде Өндірістік күштерді зерттеу кеңесінің аспиранты және 1979–1981 жылдары Жоспарлау және стандарттар ғылыми-зерттеу экономикалық институтының кіші ғылыми қызметкері болды.
Бұдан кейін еңбек жолы Қарағанды қаласында жалғасты.
1981 жылдан 1989 жылға дейін Есенбаев — Қарағанды педагогикалық институтының марксист-ленинист философия және саяси экономия кафедрасының оқытушысы, аға оқытушысы, доценті, меңгерушісі.
1989–1991 жылдары ол Қарағанды Халық депутаттары Кеңесі атқару комитетінің Экономикалық жоспарлау бас басқармасы бастығының орынбасары болды. 1991 жылы ол Қарағанды Халық депутаттары Кеңесі атқару комитеті төрағасының орынбасары — Қарағанды қалалық экономика комитетінің төрағасы бола тұрды.
1992 жылдан 1994 жылға дейін Есенбаев — Қарағанды облыстық әкімшілігі басшысының орынбасары — Қарағанды қаласы Экономика және қаржы комитетінің төрағасы.
Есенбаевтың еңбек жолы өсе бергені сонша, 1994 жылғы желтоқсаннан бастап Үкіметте көрініс тапты.
1994–1996 жылдары аралығында ол — Қазақстан Қаржы министрлігі Бас салық инспекциясының бастығы — Қаржы министрінің бірінші орынбасары. 1996 жылдан 1997 жылға дейін ол Мемлекеттік кірістер комитетінің төрағасы қызметін атқарды.
1997 жылы Есенбаев Қарағанды облысының әкімі болып тағайындалды. Ол бұл қызметті 1999 жылға дейін иеленді.
Әкімдігінен кейін, 2002 жылға дейін Есенбаев Қаржы министрі болатын.
2002 жылы Қазақстан президентінің №794 бұйрығымен Экономика және сауда министрі болып тағайындалды. Кейін бұл министрлік Индустрия және сауда министрлігі деп атауын өзгертті.
Бұл лауазымынан Есенбаев 2003 жылы босатылып, Қазақстан президентінің көмекшісі болды.
Бұл лауазымынан ол 2004 жылы Қазақстан президентінің №452 бұйрығымен босатылып, 2004–2008 жылдары Ақмола облысының әкімі атанды.
2008 жылы Есенбаев Қазақстан Үкіметінің №50 бұйрығымен Бәсекелестікті қорғау агенттігінің төрағасы болып тағайындалып, бұл қызметте 4 жыл болды.
2012 жылы ол Қазақстан Үкіметінің №189 бұйрығымен Мемлекеттік кірістер комитетінің төрағасы болып тағайындалды. Бұл қызметте Есенбаев екінші рет еді, себебі 1996–1997 осы лауазымда болған.
Бұдан кейін Есенбаев кәсіп секторына қарай бет бұрды.
2013–2014 жылдары ол — Қазақстан Халық банкі Директорлар кеңесі төрағасының кеңесшісі — бас өкілі;
2014 жылдан бастап Қазақстан Халық банкінің 70% иелік ететін АЛМЭКС холдингтік тобының төрағасы болып келеді.