Мұхамеджан Тынышпаев атындағы Алматы облыстық тарихи-өлкетану мұражайы

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

<ref> Мүражайдың жеке ақпараты </ref>

Сурет:Mtatm.jpg
Мұхамеджан Тынышпаев атындағы Алматы облыстық тарихи-өлкетану мұражайы

Құрылуы

М.Тынышпаев атындағы Алматы облыстық тарихи-өлкетану музейі 1974 жылы 1 наурызда Ќазақ ССР Министрлер Кеңесінің 04.12.1973 г. № 992 шешімі және Қаз ССР Мәдениет Министрлігінің 1974 жылы 21 ақпандағы № 41-Р бұйрығы бойынша құрылды. 1993 жылы музейге белгілі қоғам және мемлекет қайраткері, қазақтың тұңғыш инженері Мұхаметжан Тынышпаевтың аты берілді. Музей Талдықорған қаласының орталығында орналасқан.


Алматы облысы әкімінің 2011 жылғы 25 қаңтардағы № 18 Қаулысына сәйкес «М.Тынышпаев атындағы Алматы облыстық тарихи-өлкетану музейі» Мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорыны болып қайта құрылды. Алматы облысында орналасқан 19 музей филиалдары болып табылады. Бүгінгі күні музей қорын 24 524 экспонат құрайды, оның ішінде 10934 экспонат негізгі қорға жатады. Музей залдары қала тұрғындары мен қонақтарына өлкенің бай, әрі сұлу табиғаты мен өткен және қазіргі тарихы туралы сыр шертеді.


Музей экспозициясы 2 қабатта орналасқан келесі залдар мен бөлімдерден тұрады

  1. «Жетісудың табиғаты» залы;
  2. «Жетісудың көне және ортағасырлық тарихы» залы;
  3. «Ќазақ халқының мәдениеті мен тұрмысы» бөлімі;
  4. «Жетісу патшалық Ресей кезеңінде» бөлімі;
  5. «Жетісу Кеңес дәуірі кезеңінде» бөлімі;
  6. «Тәуелсіз Қазақстан» бөлімі.

Музейдің жалпы көлемі 1457 шаршы метрді құрайды. Соның ішінде экспозиция көлемі - 1091 кв.м. болса,

  • табиғат залы - 237 кв.м
  • көне және ортағысырлық тарих залы - 266 кв.м.
  • кеңес және қазіргі кезең залы - 588 кв.м.

Қор сақтау бөлімдерінің көлемі - 120 кв.м., фойе - 210 кв.м.


Музей құрылғаннан бері басқарған директорлар

  1. 1974 жылдың наурыз-мамыр айлары аралығында директоры – Беримбетов Ө.Б.,
  2. 1974-75 жж - Шестаков В.
  3. 1975-80 жж – Раев Ш.Р.
  4. 1980 – 1983 жж – Лян А.Л.
  5. 1983 жылдың ақпан айынан бастап Нұртаев Какен Бейсенбекұлы

Музей бірінші күндерден бастап өз қызметін бес бағыт бойынша атқарады

  1. Ғылыми-зерттеу және жинау жұмысы.
  2. Ғылыми-қор жұмысы.
  3. Ғылыми-экспозициялық жұмысы.
  4. Көпшілік-ағарту жұмысы.
  5. Баспасөз жұмысы.

Толығырақ

Музей қорына осы жылдар аралығында Жетісу өлкесінің табиғи байлықтары, флорасы мен фаунасы туралы, археологиялық құндылықтар, қазақ халқының тұрмыстық заттары, қолданбалы өнер туындылары, халық ақындары, батырлары, мемлекеттік қайраткерлер, тарихи оқиғалар жайлы материалдар жинақталып келеді. Сонымен қатар Ұлы Отан соғысының ардагерлері, ауыл шаруашылығының дамуына күш салып, тер төккен еңбеккерлер т.б. ардақты жерлес тұлғалардың жеке заттары, құжаттары таптырмас музейлік құндылық болып есептеледі. Алматы облысының бүгінгі жағдайы, экономикасы, мәдениеті, білім беру, денсаулық сақтау саласындағы жетістіктерге байланысты заттар да жиналып, келушілер назарына ұсынылады.


«Жетісудың табиғаты» экспозициясы өлкенің алуан түрлі өсімдік және жануарлар әлеміне, жерасты қазба байлықтарына арналады. Жетісудың көрікті жерлерінің бірі – Іле Алатауы, осы тау сілемдерінің флорасы мен фаунасын бейнелейтін диорама безендірілген. Тауда өсімдіктердің 1200-ден астам түрі, сонымен қатар 1500 омыртқасыздар мен 213 омыртқалылар түрі мекендейді. Қызыл кітапқа енгізілген: қар барысы, Тянь-Шань аюы, тас сусар, Сібір таутекесі, сонымен қатар, басқа еш жерде кездеспейтін көбелектердің түрлері диорамада көрсетілген. Өлкені зерттеу тарихында есімдері мәңгілікке қалған П.П.Семенов Тянь-Шанский мен Ш.Ш.Уәлихановтың өмірі мен қызметіне арналған экспозициялық комплекс безендірілген. Жетісу табиғатына арналған залда өлкенің керемет жерлерінің бірі- балықтың 20-дан астам түрі бар Балқаш көлінің диорамасы. Сондай-ақ бұл өңірде 520 мың гектар жерді алып жатқан «Алтын емел» Ұлттық табиғи паркі орналасқан. Осында экотуризм объектілеріне арналған үш ескерткіш: «Әнші құм», «Ақтау» және «Бесшатыр» қорымдары бар. Ұлттық табиғи паркте кездесетін Қазақстанның Қызыл Кітабына енгізілген қарақұйрық, құлан, қара ләйлек, бүркіт т.б. аңдар мен құстардың тұлыптары экспозициядан орын алған. Табиғатта сирек кездесетін жұмбақ құбылыстың бірі «Әнші құм». Құмды таудың ұзындығы 3 км, ені 500 м., ал биіктігі – 100 м. Құм жел әсерінен қозғалысқа келген кезде, одан кәдімгі сырнайдың өніне ұқсас дыбыс естіледі. Осы ғажап көрініс диорамада көрсетілген. Осы залда Жетісудың жер асты қазба байлықтарының үлгілері қойылған. Экспозицияда өңдеу және қаптау материалы ретінде қолданылатын малахит, сұр агат, ақ мәрмәр тастармен қоса яшма, нефрит, сердолик, кварц сияқты түрлі табиғи тастардан жасалған әшекей бұйымдар да бар. Бұл коллекция 2002 жылы «Асылтас» акционерлік қоғамының геологиялық музейінен алынған.


«Жетісудың көне және ортағасырлық тарихы» залына шолу «Тас ғасырының классификациясынан» басталады. Осындағы неолит (б.д.д. У-ІІІ ғғ.) заманының экспонаттары, яғни әйелдің мүсіні, қырғыш тастар, тас-жәшік табыты ерекше назар аударады. Залдағы Есіктен табылған «Алтын Адамның» көшірме мүсінін көрермен ұзақ тамашалайды. Жетісуды әр заманда мекендеген тайпалардың (ғұндар, үйсіндер, түркі тілдес тайпалар) тіршілігі мен тұрмысы жайлы археологиялық қазба байлықтар сыр шертеді. Ол жартастағы бейнелер, балбал тастар, қыш ыдыстар т.б.


Х-ХІІ ғғ. тарихқа қала мәдениетінің өркендеуі атымен енді. Ұлы Жібек Жолының бір тармағының Іле алқабы арқылы өтуі осы кезеңде сауда-саттықтың маңызын арттырды. Бүгінгі күні облыс территориясында 87 ортағасырлық қала орындары анықталған. Аса ірілері: Талхиз, Екі Оғыз, Қойлық, Дүнгене т.б. Музей экспозициясындағы түрлі қыш құмыралар, хумдар, ыдыстар, су құбырының бөліктері, шикі кірпіш - Жетісу ортағасырлық қалалары мәдениетінің өркендегенін дәлелдейді.


1723 жылғы «Ақтабан шұбырынды, Алқакөл сұлама» деген атпен тарихқа енді. Жетісу өңірінде жоңғарға қарсы жүргізілген ірі шайқастардың екеуі Орбұлақ шайқасы (1643 ж.) мен Аңырақай шайқасы (1729 ж.)


Жауды біржолата жеңіп, сағын сындырған Аңырақай шайқасы болды. Археология залына қойылған С. Пожарскийдің Аңырақай шайқасының суреті өте нанымды шыққан. Халық батырларының қару-жарақтарынан безендірілген экспозицияда музейдің аса құнды экспонаттарының бірі Балпық бидің ұрпақтары өткізген дулығасы сақтаулы.


«Қазақ халқының мәдениеті мен тұрмысы» атты экспозицияда дәстүрлі қолөнер бұйымдары: сүйекпен безендірілген ағаш төсек, көне сырмақтар, түскиіздер, теріден, ағаштан дайындалған ыдыстар, ұлттық киімдер, зергерлік әшекейлер т.б. халық шеберлерінің қолынан шыққан құнды заттар қойылған. Жеке витринада көне музыкалық аспаптар: қобыз, домбыра, дауылпаз, шертер, сыбызғы т.б. орналасқан.


Жетісу халқының рухани және мәдени өмірінің өркендеу кезеңі ХІХ-XX ғғ. жатады. Суырып салма айтыс ақындары Сүйінбай Аронұлы, Жамбыл Жабаев, Бақтыбай Жолбарысұлы, Қалқа Жапсарбаев, Әсет Найманбаев, Темірғали Рүстембеков, Сара Тастанбекова т.б. халық ақындарының өмірі мен шығармашылығы жайлы әңгімелейтін экспонаттардан жеке экспозициялық комплекс безедірілген.


«Жетісу патшалық Ресей кезеңінде» атты қойылымда қазақтан шыққан тұңғыш ғалым, саяхатшы Ш.Уәлиханов және Жетісу облысының алғашқы губернаторы Г.А.Колпаковский, 1889 жылы өлкеде тұңғыш ашылған «Мамания» мектебі, оның іргесін қалаушы тарихи тұлғалар, алғашқы мұғалімдер т.б. жайлы баяндайды. Сол кезеңдегі сауданың дамуынан мәлімет беретін «Қарқаралы жәрмеңкесі» атты арнайы экспозициялық комплексте орыс самаурынын, шығыс халықтарының құмғандарын, тігін машинесін, қазан т.б. көруге болады.


1916 жылғы ұлт-азаттыќ көтерілісінің Жетісудағы ошақтары тарихына қатысты архивтік құжаттар, қозғалыс жетекшілері Тоқаш Бокин, Ұзақ Саурықов, Бекболат Әшекеев туралы мәліметтер қойылған. Осы экспозицияда Ұзақ батырдың шоқпарын, басқа да көтерілісшілердің қолданған қаруларын көруге болады.


Келесі бөлім кеңес дәуірі кезеңіндегі Жетісудың тарихына арналған. 1918 жылдың наурызында өлкеде Кеңес Үкіметі орнатылды. 3 - наурызда Верный (Алматы) қаласында, 15 наурызда Гавриловка селосында (Талдықорған қ-сы). Кеңес үкіметін орнатуға белсенді қатысқан жерлестеріміз: А.Әбубәкіров, Қ.Байсақов, К.Майстрюк т.б. жеке суреттері, құжаттары, сол тарихи оқиғаларға куә. Өлкедегі Азамат соғысы жайлы әңгімелейтін экспонаттардың ішінде Черкасск қорғанысына қатысушылардың қарулары, Тарбағатай «Тау қырандары» қызыл партизандарының құжаты, соғысқа қатысушылардың суреттері бар.


Аталған кезеңдегі қоғамдық-саяси ахуал, бай мүлкін тәркілеу, ауылшаруашылық ұйымдарын құру, үлкен нәубетке ұшыратқан 1930 – 33 жылдардағы ашаршылықты баяндайды.


Қуғын-сүргін құрбандары М.Тынышпаев, І.Жансүгіров, Ж.Күдериннің, т.б. өмірдерек құжаттары қойылған. Осы жерде Түрксіб жол құрылысы туралы, Социалистік Еңбек Ері М.Жарболовтың және басқа да құрылысшылардың заттары мен құжаттары бар.
1920-30 жж өлкеде халыққа білім беру, денсаулық сақтау салаларының дамуын, 1926-40 жж. индустрияның өркендеуін айқындайтын экспонаттар орналастырылған.
1941-45 жж. Ұлы Отан соғысы жылдарына арналған экспозицияда соғыс жылдарынан қалып, уақыт өте сарғыш тартқан алғыс грамоталары, үш бұрышты майданнан келген хаттар, фотосуреттер, сондай-ақ «Максим» пулеметі, т.б. заттар бар.
«Өлкенің соғыстан кейінгі даму кезеңі» деп аталған бөлімде өнеркәсіптің өркендеуі, ең үздік зауыттар мен фабрикалар, коммуналдық құралдар эксперименталды зауыты, КОКП-ң XXІ съезі атындағы тігін фабрикасы, Қарабұлақ қант зауыты, Қарғалы шұға комбинаты т.б. көрсетілген --. Кеңес үкіметінің көрнекті мемлекеттік қайраткері, Үш мәрте Социалистік Еңбек Ері Д.А.Қонаевқа орталық экспозиция арналған. Екі мәрте Социалистік Еңбек Ерлері Н.Алдабергенов пен Н.Головацкий, Социалистік Еңбек Ерлері А.Даиров, З.Ж.Тамшыбаева, т.б. осындай құрметті атаққа ие болған 193 адамның материалдарымен танысуға болады.
Музей экспозициясында осы өңірден шыққан талантты өнер тұлғаларының деректі материалдары көрсетілген. КСРО Халық әртісі М.Төлебаев, Қазақ ССР-нің Халық әртістері Н.Тілендиев, Е.Рахмадиев, Қ.Байсеитов, Б.Римова, Д.Рақышев, З.Қойшыбаева, Қазақ ССР-нің Халық суретшісі Ә.Қастеев әйгілі ақын М.Мақатаев, Қазақ ССР-нің еңбек сіңірген әртісі Т.Әбжалиев, т.б. өмірдеректік, шығармашылық құжаттары қойылған. М.Төлебаевтың «Біржан-Сара» операсын жазғанда пайдаланған пианиносы да осы жерде.


Музей экспозициясының соңғы бөлімі «Қазіргі кезеңдегі Алматы облысы» Бұл жердегі негізгі тақырып «Тәуелсіз Қазақстан» деп белгіленіп, ұлттық рәміздеріміз, еліміздің тұңғыш Президенті Н.Ә.Назарбаевтың өмірі және қызмет жолдары көрсетілген. Келушілердің назарына облыстағы өнеркәсіп «Қайнар» ААҚ, «Ажар» ЖАҚ, «Азия-электрик» ЖАҚ, «Ерка» ЖШС өнімдері) мал және ауыл шаруашылығының, орта және кіші бизнестің («Фуд Мастер», «Голд Продукт», «Винзавод «Иссык» ЖАҚ өнімдері, көлік, байланыс, білім беру, денсаулық сақтау, мәдениет пен спорттың дамуы жайлы экспонаттар қойылған.

Дереккөздер

<references/>