Бекболат Әшекеев

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

Бекболат Әшекеев (1843/48 ж.ш., бұрынғы Жетісу облысы, Жайылмыс болысы 11-а. - 9.9. 1916, Алматы облысы, Іле ауданы, Боралдай) — ұлт-азаттық көтеріліс басшыларының бірі.<ref>Айбын. Энциклопедия. / Бас ред. Б.Ө.Жақып. - Алматы: «Қазақ энциклопедиясы», 2011. - 880 бет.ISBN 9965-893-73-Х</ref>


1916 жылы 7-8 шілдеде Бекболат Алматының батысындағы (шамамен 40 км) Үшқоңыр деген жерде Жайылмыс және онымен көршілес болыстар тұрғындарының басын қосып, Ресей патшасының маусым жарлығын талқылайды. Жақында Бекболаттың ұсынысымен тың жұмыстарына адам бермеу жөнінде шешім қабылданады. Осындай жиын 13 тамызда Верный уезінің Ошақты деген жерінде де өтеді. Үшқоңыр мекені көтеріліс орталығы болды. Бекболат ұста дүкендерін ашқызып, қару-жарақ жасатты, жігіттерді соғыс өнеріне үйретті, Үшқоңырға келетін жолдарға тосқауылдар қойылып, жазалаушы отрядтар өте алмайтын берік қамал жасалды. Көтерілісшілер Верный қаласына шабуыл жасау үшін күш біріктіру ниетімен Пішпек, Тоқмақ уездеріндегі және Ыстықкөл маңындағы қырғыз көтерілісшілерімен байланыс жасады. Тамыз айының ортасында Бекболат бастаған көтерілісшілер жақсы қаруланған жазалаушы отрядпен қақтығысады. Күші басым отрядқа төтеп бере алмаған кетерілісшілер Жасылкөл мен Құмбел асуы арқылы қырғыз жеріне шегініп, одан әрі Қытайға өтпек болады. Бірақ ел-жұртын қорғансыз қалдырмауға бел байлап, барлық кінәні өз мойнына алмақ болған Бекболат көтерілісшілерді таратып, өз еркімен жаудың қолына түседі. 1916 жылы 7 қыркүйекте Ресей армиясының Верный қалалық әскери гарнизонының соты Бекболатты дарға асуға үкім шығарды. Бекболаттың 20-дан астам жақын серіктестері де сотқа тартылып, олардың 12-сі өлім жазасына кесіледі.<ref>Жетісу энциклопедия. - Алматы: «Арыс» баспасы, 2004 жыл. — 712 бет + 48 бет түрлі түсті суретті жапсырма. ISBN 9965-17-134-3</ref>

Тағы қараңыз

Дереккөздер

Үлгі:Дереккөздер

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:|[[Санат:Еш медиа файлы жоқ мақалалар/{{{1}}}]]|}}}}