Мұрзаш Барғалиев
Барғалиев Мұрзаш (1931, Атырау облысы). Мәскеу мұнай институтын бітірген (1954).
1956-1957 жылдары — «Қазақмұнайбарлау» тресі Даңғар мұнай барлау алаңында бұрғылау шебері.
1957-1962 жылдары — Маңғышлақ мұнай барлау геология-іздестіру экспедициясында аға инженер, бас инженер.
1962-1965 жылдары — Озен мұнай барлау экспедициясында өндіріс диспетчері қызметі бастығы.
1965-1970 жылдары — Оңтүстік Маңғышлақ мұнай барлау экспедициясында өндіріс диспетчері қызметі бастығы, өндірістік-техника бөлімініңаға инженері, экспедицияның бас инженері.
1970-1991 жылдары — «Маңғышлақмұнай» бірлестігіндегі Жетібай бұрғылау кеңсесінің жетекші инженері, бас технологтың орынбасары, бас технолог.
1991 жылдан зейнеткер. «Құрмет Белгісі» орденімен және медальдармен марапатталған<ref>Қазақстанның мұнай энциклопедиясы. 2 томдық - Алматы: "Мұнайшы" Қоғамдық қоры, 2005. ISBN 9965-9765-1-1</ref>
Дереккөздер
<references/>